Қазақстан • 12 Ақпан, 2019

Полиция бір пәтерден үш теледидар жымқырған ұрыларды ұстады

51 реткөрсетілді

Күдіктілер ұрланған теледидарларды өткізіп үлгерген. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Полицияға қала тұрғыны пәтер ұрлығы туралы арызбен жүгінген, белгісіз адамдар есікті қысып майыстыру арқылы оның пәтеріне кіріп, 3 теледидарын жымқырған. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Астана қаласы Есіл ауданының Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Астана-Қостанай тасжолында қаладан шығып бара жатқан кезде автокөлікпен жасырынбақшы болған екі күдіктіні ұстаған. 28 жастағы ұсталған екі адам Қостанай облысының тұрғыны болып шықты, бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

«Күдіктілер өткізіп үлгерген ұрланған теледидарлар табылып, иесіне қайтарылды. Сондай-ақ бұрын ұсталғандардың түнгі уақытта азық-түлік дүкеніне кіріп, банктің төлем терминалын бұзып, ақша қаражатын жымқырғандары анықталды» деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Барлық ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандардың елорда аумағында және өзге де өңірлерде бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар