12 Ақпан, 2019

Заңгер мамандығы бойынша шымкенттік 200 жас жұмысқа орналасады

642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Шымкент қалалық соты мен қалалық  отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшыларының қатысуымен өткен жиында айтылды.

Заңгер мамандығы бойынша шымкенттік 200 жас жұмысқа орналасады

Аталған іс-шарада мекеме басшылары жастарды жұмыспен қамту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Нақтырағы «Жастар практикасы» және «Жол картасы» бағдарламалары аясында қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің заңгер мамандығы бойынша түлектеріне Шымкент қалалық соты  200 жұмыс орын ұсынып отыр.

Елбасы бекіткен «Жастар жылына» орай отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы тарапынан Шымқалада бірқатар ауқымды әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі «Professional» жобасы.

Жобаның негізгі мақсаты - жоғары және орта арнаулы оқу орындарының бітіруші түлектері мен жұмыссыз жастарды ірі өндірістік мекемелерде, кәсіпорындарда және мемлекеттік органдарда арнайы тағылымдамадан  өтіп, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрі, тұрақты жұмысқа тұруына көмектеседі.

Жоба аясында басқарма басшысы Жандос Қалтаев шаһардағы мыңға жуық жастарды жұмыспен қамту бойынша «ТОП-100» компаниялармен» өзара келісімге келді.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Шымкент