Қалада «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде бірнеше мектепте, Балалар мен жастар шығармашылығы сарайында, Қашар кентінде ІТ-технология кабинеттері, STEM лабораториясы ашылған.
«Білім жүйесін цифрландыру» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі мекемеге автоматтандырылған кезекке тұру қызметі енгізілді. Қазір Рудный қаласының тұрғындары үйден шықпай-ақ баласын бала бақша кезегіне қоя алады» деді Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов.
Қала мектептері жаңартылған білім мазмұнына сатылап көшіп жатыр, онымен бүгінде оқушылардың 70 проценті жаңартылған білім мазмұнымен оқиды. Алдағы оқу жылында қаладағы білім беру мекемелері жаңа жүйеге толық көшіп болады.
Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай