Компанияның бас директоры Т.Қойшығұл хабарлап кеткендей, ағымдағы жылы жұмыс істеп тұрған парктерді көбейту міндеттері және вагондарды жөндеу жөніндегі өндірістік бағдарлама толықтай орындалды. Сондай-ақ толық көлемде, қол қойылған келісім-шарттарға сәйкес, вагонжөндеу кәсіпорындары жүк вагондарының барлық түрін жөндеуді жүзеге асырды. 2017 жылмен салыстырғанда «Қазтеміртранс» АҚ ақаулы вагондарының саны 10% қысқарды.
2019 жылы «Қазтеміртранс» АҚ көліктік экспедиция және жүк вагондарының операторы қызметтері берілді. Осыған байланысты жүк вагондарын жөндеудің сапасын арттыру, автоматтандырылған жүйені пайдалану және «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен «Қазтеміртранс» АҚ өңірлік филиалдарымен өзараықпалдастық қажеттігі ерекше аталды. Бұның барлығы клиенткемойынбұру мен кірісті арттыру және вагон паркін тиімді пайдалануға ықпал ететін болады.