Әдебиет • 14 Ақпан, 2019

Ғылыми фантастика. Ол оқырманға қалай әсер етеді?

1858 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Америкалық зерттеуші-ғалымдар Крис Галавер мен Дэн Джонсонның айтуынша, ғылыми фантастика адамдарды «ақымақтандырып», эмоциялық қабылдау сезімдерін жояды. Олар ерікті студенттердің қатысуымен жасалған эксперименттен соң осындай шешімге келген.

Ғылыми фантастика. Ол оқырманға қалай әсер етеді?

Экспериментке қатысу­шы­лар­ға негізгі құры­лы­мы­ бірдей екі түрлі әдеби кі­тап ұсынған. Сюжеті, ав­тор­лық стилистика­сы, мәтін тығыздығы, тіпті кейіп­­­­кер­лер де бірдей бол­ған. Екі шығар­ма­ның айыр­ма­шы­лығы – декорацияларында. Бірінші кі­тап­та оқиға реалды әлемде өтеді, екін­ші­сіндегі антураж ғылыми фантас­тиканың сти­лін­де. Бірақ кейіп­керлердің қимыл-әрекеті, моти­вация­лары бірдей болған.

Нәтижесінде ғылыми фан­тас­­тиканы оқығандар кейіп­­кер­ле­рі­нің іс-әрекетіне терең мән бермейтіндері анық­талады. Ол­ар үшін алаң­дамайды, мақ­сат­­та­рын түсінбейді. Тіпті еш­­қан­­дай эмо­ция­лық әсерге де бөленбейді. Ғалымдар мұ­ны ғылыми фантас­ти­каны сал­­мақ­ты әдебиет ретінде қа­был­да­май­тын стереотиппен байланыс­тырады. Сол үшін де ғы­­лы­ми фантастика оқыр­ман сезі­міне араласа алмайды деп түйген.

Жақында Арман Әлмен­бет­тің «Берекелі биз­нес­­тің сыры» кітабы­ның тұсау­ке­се­рінде білім берудің жаңа моделін зерттеп жүрген Саясат Нұрбек қызық дерек айтты. Оның айтуынша, Қытайда соңғы он жылда ғылыми фантастиканы жаппай оқи бастаған және оқуға ресми рұқсат берген. Оған дейін ол жанрдағы кітаптарды оқуға тыйым салыныпты. Қы­тай­лық инженерлер әлемде қандай техника шықса да соны айнытпай көшіре алады екен. Бірақ өздері жаңа нәрсе ойлап табуға қабілетсіз болып шығады. Ал Батыс, Аме­рика инженерлері ғылы­ми­ индустрияның биігіне шық­қан. Қытайлар соның себе­бін іздегенде, Батыс, Амери­ка инженерлері кітапты, әсі­р­е­се ғылыми фантастиканы қат­ты оқитын болып шығады. Со­­дан бері олар да ғылыми фан­тас­­тикаға жаңа жол ашқан. Қа­зір Қытай кино нарығында да ғылыми фантастиканың эле­мент­те­рі араласқан фильм­дер көптеп шығып жатқан көрінеді.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»