Бейдауа ғалам өмірде жолы болғандардың ғана ғұмырларынан тұрмайды. Қайдан басталғаны және қайда зулап бара жатқаны белгісіз жалғанда түрлі-түрлі тағдырлар мен әркімнің маңдайына шақ тәлкек бар...

Осы жолы байырғы қызылордалық фототілші Болат Омарәлиевтің шығармашылық қоржынына қол салғанымызда бір сурет шықты.
– Бұл кісілердің тағдыры өте ауыр! – деді фототілші. – Талай адамдарды суретке түсіріппін. Бірақ осы қариялардың қасіретті оқиғасы есімнен еш шықпайды.
– Қайбір жылдары газет жұмысынан қолым қалт еткенде, табиғат көріністерін, әртүрлі фотоэтюдтер түсіруді әдетке айналдырып алдым. Сондай демалыс күндерінің бірінде дария жағалап келе жатып, жағалаудағы қалың жыңғылдың арасынан саманнан салынған кішкентай үйді көрдім. Үйдің қатарына шағын мал қора тұрғызылған. Сырттай қарасаң егесіз үй сияқты. Жақындап келсем, үй маңынан біреулер қараңдап көрінеді. Қой, жөн сұрайын деп үйге кіргенімде ерлі-зайыпты қариялар жүр екен.
Бұл 1982 жыл болатын. Ақсақалдың жасы 88-де болса, кемпірінің жасы сол кезде 83-ке келіпті. Екеуі есік алдында күн шуақтап отыр екен. Жөн сұраса келе, ақсақал Тасбөгет деген жерден Сырдариядағы бөгеттің құрылысы басталған 1946 жылы көшіп келгенін білдім. Қазалы жақтың адамдары екен.
Сырдарияға салынған бөгеттің құрылысы 1956 жылы бітіпті. Соның арасында бұл кісілер13 баласымен жабылып жүріп, осы үйді салып алған екен. Сол он үш перзенті тегіс қайтыс болған. Біреуін ат сүйретіп кеткен. Біреуі дарияға кетіп өлген... Балаларының көбісі жастай шетінеп кеткен. Басқа салмасын, ұл-қыздарының біреуі де қалмаған мүсәпір жандар екен, – дейді суреттің авторы.
Осыншама қасіреттен кейін қос мұңлық күлді ме, шындап өмір сүрді ме, нені медеу етті, тек өздеріне аян.
«Құдай бір айналдырғанды шыр айналдырады» деп бекер айтпаса керек. Қызылордалық байырғы фототілші бұл аз болғандай, олардың жалғыз бұзаулы сиырын да түнде ұрылар бұзауымен қоса ұрлап кеткенін айтады. Тіпті бұл да аз болғандай, есіктің алдында ес болып жүрген итін де дария жағалап жүрген бұзықтар сойып жеп, терісін тастап кетіпті.
Сол заматта Тасбөгет кентіндегі, Сырдария ауданының басшыларына барып осы мүсәпірлердің жағдайын айттым. Олар қатырамыз, жетім қалған қарияларға қарайласамыз деп маған уәде беріп қалды. Әкімшіліктің адамдары әне барамыз, міне барамыз деп жүргенде шал қайтыс болған, кемпірді ағайындары алып кетіпті...
Бұл суреттің сыры осындай.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Egemen Qazaqstan»
АЛМАТЫ
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді
Коронавирус • Бүгін, 17:48
Қазақстан міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге мораторийден бас тартты
Үкімет • Бүгін, 17:32
Елордада «ХАТ» философиялық драмасының премьерасы өтеді
Өнер • Бүгін, 17:20
Биыл елімізде 9 жаңа ұшақ сатып алынады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Елордадан бірқатар қалаға қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 16:55
Қазақстан тағы 73 жолаушылар вагонын сатып алады
Қоғам • Бүгін, 16:48
Қызыл кітапқа енген арқарды атқан браконьер ұсталды
Қоғам • Бүгін, 16:37
Мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Ақтауға туристерге арналған чартерлік рейс қатынай бастады
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қор нарығында доллар бағасы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:01
Санкциялық тізімдегі тауарларға тұрақты мониторинг жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Ұлттық банк төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты
Қаржы • Бүгін, 15:31
Қызылордада 19 адамды алдап соққан алаяқ қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
Ел экономикасына үлес қосатын инвестор көбейді
Экономика • Бүгін, 15:11
«Сергек» жобасы 2023 жылдың соңында аяқталады
Қоғам • Бүгін, 14:57
Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 14:49
Алматыда тұрғын үйдегі лифт құлап, бір адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 14:38
Абай облысы Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:28
Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды
Қоғам • Бүгін, 14:20
Павлодар облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өткен ресейлік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:08
ИИДМ-де комитет төрағасының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:28
Оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту ұсынылды
Білім • Бүгін, 12:50
«Оператор РОП-тың» бұрынғы құрылтайшысына іздеу жарияланды
ANTIKOR • Бүгін, 12:42
Ұлттық банк ақша-кредит саясатын күшейтуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 12:30
Ақтауда мұнай-газ жабдықтарын өндіретін зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Қошанов: Парламенттің екінші сессиясы маңызды шешімдерге толы болды
Парламент • Бүгін, 12:10
Қазақстанда жетім балаларға қамқоршы тағайындау рәсімі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 11:58
Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысады
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды
Үкімет • Бүгін, 11:38
Қазақстанда маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
Коронавирус • Бүгін, 11:25
Қазақстанның 430 әскери қызметшісі БҰҰ бітімгершілік миссиясына жіберіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:13
Алматыда «Тұздыбастау» подстанциясы салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Парламент депутаттары каникулға кетті
Парламент • Бүгін, 10:56
Жайық өзеніне бекіре тұқымдас 3,5 млн балық шабағы жіберілді
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Жаңа облыстардағы мемлекеттік кірістер органдарының кодтары бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 10:32
Атырауда дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС басшысы сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:23
Александр Недовесов Уимблдон турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 10:15
Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды
Парламент • Бүгін, 10:06
Өткен тәулікте 137 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:02
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Ұқсас жаңалықтар