14 Ақпан, 2019

Гәккулеткен, аққу жеткен Көкшетау

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының ұжымы солтүстікқазақстандықтарға «Гәккулеткен, аққу жеткен Көкшетау» атты концерттік бағдарламаны ұсынды.

Гәккулеткен, аққу жеткен Көкшетау

Өнер кеші «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып,  кербез сұлу өңірдің небір әндері тамылжыта шырқалды. Сахна шымылдығын «Гәкку» би ансамблі ашып, «Айнакөл» фальклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен  «Сыйлық» биін мың бұрала биледі.

Жезтаңдай әнші Аягөз Қалмағанбетованың өнер саласында жүргеніне бес жылдан асыпты. Қазір ол осы филормонияда жұмыс істейді. Халықаралық байқаулардың лауреаты «Меруерт моншақ» әнін нәшіне келтіре орындап берді. Көрермендер Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмакенованың, «Миц ванд» вокал тобының, Төлеген Амановтың, Алмаз Оразалаиннің әндерін, әндер попуриін,термелер мен күйлерін өте жылы қабылдады. Классикалық жанрда Андреа Бочеллидің «Vivo per lei» әні шырқалды.

Алдағы уақытта Қызылжар өңірінің өнерпаздары қонақкәде есебінде гастрольдік сапар ұйымдастыруды белгілеп отыр.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы