Қазақстан • 14 Ақпан, 2019

УЕФА Чемпиондар лигасы: Плей-офф бәсекелері өтуде

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы аптада футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалында өнер көрсететін командалардың тең жарысты өздерінің алғашқы кездесулерін өткізді.

УЕФА Чемпиондар лигасы: Плей-офф бәсекелері өтуде

Англияның «Манчестер» Юнайтеді» өз алаңында Францияның «Пари-Сен-Жерменінен» 0:2 есебімен ұтылды. Италияның «Ромасы» Португалияның «Портуынан» айласын асырды – 2:1. Ағылшындардың тағы бір командасы ­– «Тоттенхэм» өз алаңында Дортмундтың «Боруссиясының» қақпасына жауапсыз үш гол соқты ­– 3:0. Ал Голландияның «Аяксы» өз көрермендерінің көз алында Мадридтің «Реалынан» жеңілді ­– 1:2.  Бұл матчтардың барлығы да жуырда әуе апатынан қаза болған аргентиналық футболшы Эмилиано Саланы еске түсіруге арналған бір минуттық үнсіздікпен басталады.

Чемпиондар лиасының 1/8 финалындағы өзге командалар келесі аптада жасыл алаңға шығады. Бұл бәсекелер «Лион» (Франция) мен «Барселона» (Испания), «Ливерпуль» (Англия) мен «Бавария» (Германия), «Шальке-04» (Германия) мен «Манчестер Сити» (Англия) және «Атлетико Мадрид» (Испания) пен «Ювентус» (Италия) арасында өтеді. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»