14 Ақпан, 2019

«Азия балалары» спорттық ойындарынан Қазақстан тағы екі алтын иеленді

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Сахалинде өтіп жатқан «Азия балалары» қысқы спорттық ойындары Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Азия балалары» спорттық ойындарынан Қазақстан тағы екі алтын иеленді

Шаңғымен тұғырдан секіруден аралас командалық сында Вероника Шишкина мен Данил Васильев чемпион атанды. 

Сондай-ақ, биатлоннан аралас эстафетада Қазақстан құрамасы мәре сызығын бірінші болып кесті. 

Жалпы есепте, Қазақстан қоржынында жеті медаль бар.