Қазақстан • 14 Ақпан, 2019

885 мың қызметкердің жалақысы ұлғайды

369 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде 160 мың жұмыс беруші 885 мың қызметкердің жалақысын көтерді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

885 мың қызметкердің жалақысы ұлғайды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыру бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әкімдіктердің ақпараты бойынша ағымдағы жылдың 7 ақпанына республика бойынша 163,5 мыңнан астам жұмыс беруші (қызметкерлердің жалпы саны 1,9 млн.адам) 885 мың қызметкердің жалақысын арттырды. Оның ішінде 1481 кәсіпорын – ірі кәсіпкерлік субъектілері, 2,1 мың – орта, 160 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарда жалақысы төмен қызметкерлердің орташа жалақысы 30%-ға өсті (44 мыңнан 59 мың теңгеге дейін).

Мысалы, «Қазмырыш» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы) қызметкерлерінің саны 19 200 адамнан төмен еңбекақы төленетін қызметкерлердің (күзет, слесарлар, жөндеушілер, жүргізушілер) орташа жалақысы 64 мыңнан 70,4 мың теңгеге дейін өсті. Еңбекақы төлеу қоры 10%-ға немесе 57 млн теңгеден 62,8 млн теңгеге дейін өсті. 

Павлодар облысының «РУБИКОМ» ЖШС-де (1201 адам) жалақысы төмен жұмысшылардың (әр түрлі жұмысшылар, қызметтік үй-жайларды жинаушылар, жүк тиеушілер, өтінімдегі оператор) жалақысы орташа 27%-ға немесе 55 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін өсті.    

Солтүстік Қазақстан облысы «Қызылжар су» ЖШС-да (840 адам) жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысы (техника шығару бойынша бақылаушылар, ғимарат тазартушылар, қызметтік үй-жайларды жинаушылар, сорғы станцияларының машинистері, ауа тіреуіш ғимараттарындағы операторлар) 13%-ға немесе 61,9 мың теңгеден 70,5 мың теңгеге дейін өсті.   

Шымкент қаласындағы «Стандарт Цемент» ЖШС-де (707 адам) жалақысы төмен қызметкерлерде (күзетшілер, аула сыпырушылар, техникалық қызметкерлер, әр түрлі жұмысшылар, бақылаушылар) жалақы 15%-ға немесе 52 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін өсті. 

Жамбыл облысының «Қазфосфат» ЖШС-де (6162 адам) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшылардың жалақысы 128 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін өсті, оның ішінде жалақысы төмен жұмысшылар (сылақшы, слесарь-жөндеуші, тазалаушы, поездарды қабылдап-тапсырушы, жол монтері) ай сайын 60 мың теңгеден астам қаражат алады.   

Қызметті жоғарылату қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін реттейтін ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілері шеңберінде міндеттемелер қабылдау жолымен жүргізіледі.   

Жалақы өсуін бақылау үшін кәсіпорындар мен қызметкерлер бойынша міндетті зейнетақы жарналарының түсімдерінің автоматтандырылған мониторингі жүзеге асырылатын болады.