Әлем • 15 Ақпан, 2019

Сирия жөніндегі Астана процесінің келесі раунды сәуірде өтеді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сирия мәселелерін реттеу жөніндегі Астана келіссөздері сәуірде өтпек. Мұндай келісім Сочиде өткен жиында жасалды. 

Сирия жөніндегі Астана процесінің келесі раунды сәуірде өтеді

Сочиде өткен Иран президенті Хасан Роухани, Ресей президенті Владимир Путин, Түркия мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған  қатысқан саммит хабарламасында «2019 жылдың сәуірінде Астанада Сирия мәселесі бойынша кезекті халықаралық кездесу өткізуді өз өкілдерімізге тапсыруға келістік» делінген.

Ресей мемлекеті «Астана форматын» мәселені шешуге пайдалы деп санайды. Соңғы келіссөздің нәтижесінде кепіл мемлекеттер ДАИШ, «Джабхат Ан-Нурса» және басқа да «Аль-Каидаға» қатысты топтардың көзін жоюға келісті.

Сирия президенті Башар Асад пен террористік топтар арасындағы қақтығыс 2011 жылдан бері жалғасып келеді. Әскери қақтығыстардың салдарынан 500 мыңнан астам адам қаза тауып, 10 миллионнан астам сириялық мемлекетін тастап кетуге мәжбүр болды.

Естеріңізге сала кетсек, Сириядағы жағдайды бейбіт түрде шешуге бағытталған кездесулер Астана қаласында 2017 жылдың қаңтарынан бастап өткізіліп келеді. Соңғы отырыс 2018 жылдың 29 қарашасында өтті.

Соңғы жаңалықтар