Қысқы спорт • 15 Ақпан, 2019

Шорт-тректен әлем чемпионатына Қазақстан атынан алты спортшы қатысады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен Софиядағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының құрамы анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Шорт-тректен әлем чемпионатына Қазақстан атынан алты спортшы қатысады

8-10 наурыз аралығында өтетін әлем чемпионатына қазақстандықтар үш жолдама жеңіп алды. Болгария астанасында жалпы есебі алты спортшымыз бақ сынайды. 

Олар: Нұрберген Жұмағазиев, Әділ Ғалиахметов және эстафетадан сынға түсетін Әлия Ким, Әсел Тайшыманова, Анастасия Крестова және Ольга Тихонова. 

Жарақатына байланысты әлем кубогі кезеңдеріне толық қатыса алмаған Абзал Әжіғалиев Софиядағы дүниежүзілік жарыстан да шет қалмақшы.