Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Аттестаттаудан өткен 60 мыңнан аса мұғалімнің жалақысы өсті - Е. Сағадиев

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жаңа оқу жылында орта білімнің мазмұнын жаңарту бағдарламасына 4 және 9-сыныптар қосылатын болады. Бұл туралы министр Е. Сағадиев  Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында жасаған баяндамасында айтты.

Аттестаттаудан өткен 60 мыңнан аса мұғалімнің жалақысы өсті - Е. Сағадиев

Мектептер 1-9 сынып аралығында жаңартылған мазмұнға көшеді. Оқулықтар сараптамадан өткен және мектептерде апробациялануда.

«Педагогтарды аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Аттестаттаудан өткен 60 мыңнан астам мұғалім біліктілігіне қарай 30-50% қосымша ақы алуда. Осыған орай, Министрлік атынан мұғалімдерді құттықтаймын», дейді министр Е. Сағадиев.

Сондай ақ министр біліктілікті арттыруға қатысты тоқталды.

«Біз педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың ваучерлік жүйесін әзірледік. Ваучер мұғалімге өз бетінше ұйымды және арттыру курстарының бағдарламасын таңдауға құқық береді. Бірақ, ұзақ талқылаудан кейін ағымдағы жылы оны Қарағанды мен БҚО-да үш бағыт бойынша сынақтан өткізу туралы шешім қабылданды: роботехника, ағылшын тілі, мектеп психологиясы», деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы республика бойынша барлық негізгі курстар бойынша ваучерлік жүйені енгізу жоспарланған.