«Invest Online» жүйесінде түрлі ұйымдарға нақты баруды талап етпейтін инвестициялау талаптары барынша жеңілдетілді: барлық операциялар мобильдік қосымша немесе жүйенің веб-сайты арқылы тәулік бойы режимде онлайн жүргізіледі. Бұл өнімді Қазақстан Республикасының кез келген азаматы пайдалана алады, арнайы білімнің, нарықты жан-жақты зерделеудің, кассаларда кезекте тұрудың, қағаздағы құжаттарға қол қоюдың қажеті жоқ.
Бұл жүйенің артықшылықтары:
· комиссиялардың болмауы: жүйедегі барлық операциялар тегін;
· мемлекеттік бағалы қағаздарға кепілдікті инвестициялар;
· қаражаттың жоғалу тәуекелінің болмауы,
· салынған қаражатты жинақталған кірісімен кез келген сәтте қайтару мүмкіндігі.
Invest Online қосымшасының жұмысы бойынша консультацияны техникалық қолдау көрсету желісіне тәулік бойы 8 800 080 86 68 телефоны бойынша хабарласу арқылы және investonline@csd.kz электрондық поштасы бойынша алуға болады. Қосымшаның жұмысы бойынша түсіндірмені Қазақстан Ұлттық Банкінің «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының «Invest Online» арнайы бөлімінде де алуға болады.
Айта кету керек, 2018 жылғы 27 наурызда халықтың ақшаны бағалы қағаздарға инвестициялауы үшін «Invest Online» инновациялық технологиялық өнімі іске қосылды. Бұл жүйе Қазақстан Республикасының әрбір азаматына мемлекеттік бағалы қағаздарды (Ұлттық Банктің ноттарын) сатып алуға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне кері сатуға мүмкіндік бере отырып, ақша инвестициялаудың қолжетімді тәсілі болып табылады