Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Кеңес әскерлерінің Ауған шекарасының шығарылғанына 30 жыл толуына орай шара өтті

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шу аудан әкімі Қ. Досаев  сол соғыста қаза тапқан  7 жауынгер, атап айтсақ  «Қызыл жұлдыз» орденінің иегерлері Б.Таятаев, Д.Өтепов, А.Волошенко, Қ.Орынбаев, А.Қойлыбаев, М.Абдуганиев,Х.Хамиджанов сынды батырлардың аналары мен жақындарын қабылдап, естелік сыйлықтар табыстады. 

Кеңес әскерлерінің Ауған шекарасының шығарылғанына 30 жыл толуына орай шара өтті

Аудан әкімінің орынбасары К.Қожағаппанова жүргізген жиында, 30 жылдық медальдар табысталды. Айта кетерлік жайт өңірде 75 Ауғанстан соғысының ардагерлері бар.  Арнаулы күннің маңызына тоқталған Клара Исаққызы бірақатар ардагерлерді аудан әкімінің Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен марапаттады.  Сонымен қатар аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Ж.Әбенов те біраз азаматтарға марапат қағаздарын табыстады. 

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Н.Бөден сөз алып, өз тарапынан мақтау қағаздарын ұсынды. Соғыс кезінде сонда қызмет атқарған 3 азаматшалар да сыйлықтан құр алақан қалмады.

Жиын аудан орталығындағы Ауғанстан ардагерлеріне арналған аллеядағы митингіге ұласты. 30 жылдыққа арнап ашылған жаңа стеллаға гүл қойылып, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері  Талап Асырұлына, Д.Өтеповтың анасы Клепа Семеновнаға, ардагер-интернационалист А.Шамшураға сөз беріліп, жылы естеліктер айтылды.