Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Қазақстанда әйелдер триатлоны тегін үйретіледі

397 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда ТМД-дағы алғашқы әйелдер триатлонын дамыту жобасы басталады. 

Қазақстанда әйелдер триатлоны тегін үйретіледі

Осы орайда, Women Tri Club Almaty – атауы оңтүстік астананың әуесқойлар-триатлоншылардың әйелдер клубына тиесілі болып отыр. 

Жаңа спорттық қоғамдастыққа Қазақстан және Алматы триатлон федерацияларының қолдаумен ҚР-да бірінші сертификатталған IRONMAN-бапкері Елена Кун ұйытқы болып отыр.

Клубта жаттығулар тегін түрде өткізілмек, өйткені Women Tri Club Almaty-ның басты мақсаты –  елдегі триатлонды насихаттау.

– Жасыңыз, салмағыңыз және спорттық тәжірибеңіз (немесе мүлдем болмаса), қанша бос уақтыңыз бар екендігі маңызды емес. Бұл жобаға мен күшімді, яки  уақытымды мүлдем қийп жатқан жоқпын. Мен әйелдер триатлонын Қазақстанда эгоисттік тұрғыда дамытқым келеді. Бұл менің қалам, менің елім, менің спортым, менің «тіршілік ортам», менің пікірлес серіктестерім. Айналадағы өмірді одан да қызықты етуге күшім жетеді және мүдделімін. Мен әйелдердің осыны түсінуін қалаймын: триатлон – бұл мүлдем «темір» адамдарға арналған спорт емес. Бұл спорт армандай алатын және өзіне сенетіндерге арналған, – дейді бірнеше дүркін IRONMAN қашықтықтарын алған спортшы, Елена Кун.

         Жоба бағдарламасына жаттығулар және толық кәсіпқой-бапкердің бақылауы кіреді.

         Жүгіруге, жүзуге, велосипедтік жүрулерге, тамақтануға, жарыстар жоспарына, спорттық киім-кешектерге, ұйқы тәртібіне, денсаулыққа, салмаққа, эмоциялық бейімделуге қатысты барлық сұрақтарға Елена әрі теорияшыл, әрі практик ретінде жауап береді.

Қазақстанда триатлон шапшаң түрде кеңінен таралып келе жатқанын да айта кетейік. 2019 жылға елімізде 16 старттар жоспарланған, онда әуесқой-спортшылар да қатыса алатын  болады.  Олар – IRONMAN 70.3 Astana, TEMIRADAM кубогы, Алматының ашық чемпионаттары. Мұндай старттар – Women Tri Club Almaty қатысушыларына өздерін көрсетуге тамаша мүмкіндік тудырады.

 – Өз кемшіліктеріңіз бен сылтауларды елемеңіздер. Өздеріңізге қызықты өмір сүруге мүмкіндік беріңіздер, айналаны рухтандыруға үлгі болыңыздар, –дейді Елена Кун.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ