26 Сәуір, 2012

Тағдыр сыйлаған қуаныш

391 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тағдыр сыйлаған қуаныш

Бейсенбі, 26 сәуір 2012 7:19

Мен өткені ертегі, ертеңі еңселі Қазақстанда, әлем там­санған Астанамызға іргелес Шортандының Новокубанка ауылында туып-өскеніме қуа­на­мын. Ауылымыздағы жи­ыр­ма­дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті тұрмыс кешіп, адал еңбектерімен абы­ройымызды асыруда. Сонау Балтық жағалауын мекендеген әкем Артурс сексенінші жыл­дары осында қоныс ау­дар­ған екен. Қарапайым мә­ши­не жүргізуші. Ешқашан жа­ман атын естімегенбіз. Ағам Артем екеуміздің ғана емес, бүкіл ауылдың сый­лы­сы десе боларлықтай. Анамыз ерте қайтыс болғанымен, ел ішінде жетімдік көрген жоқ­пыз.

Қарапайым цыган баласы­ның бақытты ғұмыры Қазақ­стан Тәуелсіздігімен тығыз байланысты дегім келеді. 1991 жылдың 16 желтоқса­нын­да дүниеге келгенімді мақ­тан етемін, бірақ өзге құрбы-құрдастарымнан еш­қан­дай ерекшелігім жоқ. Қай­та мойнымдағы жауапкершілік басқаларға қарағанда сал­мақтырақ екенін сезінемін. Бұл елде Тәуелсіздікке қа­тысты құндылықтар айрықша қастерленеді. Мен 10 жасқа толған күнімде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың шақыруымен Аста­надағы салтанатты қабыл­дауда болдым. Елбасының қо­лы­нан электронды ұйым­дастыру құралдарымен қатар, үш тілде жазылған «Қазақ ертегілерін» алуым мені көп ойға қалдырды.

Балалардың арманы шексіз әрі асау келетіні бар. Мен әскери қызметші, дәрігер, мұғалім, тіпті, геолог болуды да армандайтынмын. Новокубанка орта мектебінің дирек­торы Франц Юлиянович Раковский аттестат алғаннан кейін маған ақпарат сала­сын­дағы мамандықты таңдауыма кеңес берді. Өзіміздің ЖШС директоры Шота Доброскок та ауылға осындай инженерлер ауадай қажеттігін айт­қа­ны жақсы үміттерге жетеледі. Міне, қазір Көкшетаудағы А.Мырзахметов атындағы уни­верситетте «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бой­ынша оқып жүрмін. Мұнда келуімнің тағы бір себебі, университет атақты ғарыш­кері­міз Талғат Мұсабаевпен тығыз байланыс жасайтынын білетінмін. Айтқандай-ақ, ол кісі жыл сайын бізде қонақта болып, өзінің атындағы сти­пендияны тапсырып жүр. Ме­нің арманым – алдағы курс­тарда үздіктер қатарынан көрініп, даңқты ғарышкердің қолынан сондай сертификат алу. Ал ел ішіндегі татулық пен түсініс­тік бізді бұдан да жоғары жетістіктерге жеткізетініне сенімдімін. Оған біз айрықша жауаптымыз.

Сандис ЯУНЗЕМИС, Көкшетаудағы  А.Мырзахметов атындағы уни­верситет студенті.