Айшолпан алдағы уақытта Америкада білім алуды жоспарап отыр. Қазір Лос-Анджелесте оған арналып жеке кітап жазылып жатыр. Ағымдағы жылы тұсауы кесілуі тиіс. Ол өзі тұрып жатқан елінің БАҚ өкілдеріне берген сқхбатында өзін әлем жұрты «Бүркітші қыз» ретінде танығанын, енді «білімді Айшолпан» ретінде танығанын қалайтынын айтыпты.
«Америкада оқимын деп шештім. Дәл қай университет екенін әлі таңдамадым. Бұған дейін Гарвард, Оксфорд университеттері грант ұсынған болатын. Бірақ, әлі соңғы таңдауымды жасаған жоқпын» –дейді Айшолпан журналистермен кездескен кезде.
Айшолпан жайлы қазір АҚШ-та кітап жазылып жатыр.
Тұсауы Лос-Анджелес қаласында кесіледі. Авторы Лиуза Уэлш.
Кітаптың атауы «The Eagle Huntress».
Луиза қазіргі уақытта кітапты жазып, аяқтап қалыпты.
Айшолпанды іздеп барып, арнайы фильм түсірген шет елдік журналистердің де, онымен кездесуге барған туристердің де қарасы көп болды. Мәселен, 2018 жылы Моңғолияға 30 астам елдің саяхатшылары барған болса, соның 40% жуығы Айшолпанды көру үшін аттаныпты.
Бүркітші қыз 2018 жылы Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың жарлығына сай «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды. Ал 2019 жылың басында президент Нұрсұлтан Назарбаевпенжүздесті.
- «Жастар жылының» ашылуында да айттым, қазірде қайталаймын. Қазақтың Президентімен кезігу менің арманым еді. Мақтанғаным емес, осы күнге дейін әлемнің талай жұлдыздарымен кезіктім. Олармен араласып көрдім. Бірақ, Елбасының бойынан бұған дейін ешкімнен көрмеген күш-қуатты байқадым. Энергиясын сездім. Қанша дайындалып барсам да, Президентті көрген кезде қобалжып, қанша күн дайындалған сөзімнің бәрін ұмытып қалдым. Нәтижесі қалай болғанын бүкіл Қазақстан көрді-дейді Айшолпан.
Әлем мойындаған Айшолпанды Қазақстан жұрты кеңінен таныды, ал АйшолпанҚазақстанмен жақын танысты. Ол үшін Астанаға келу, осында оқуға түсу күтпеген әрі айтулы оқиға болды.
Гүлбаршын САБАЕВА,
«Еgemen Qazaqstan»
Алматы