Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Әлемге әйгілі болған қазақ қызы алдағы уақытта Америкаға аттанады  

60 реткөрсетілді

Айшолпан Нұрғайыпқызы - туралы режиссер Отто Белл «The Eagle Huntress» атты фильм түсірген. Фильм әлемнің 30 мемлекетінде, оның ішінде Лондон, Нью-Иорк, Дубай, Токио, Сидней қалаларда көрсетілді. «The Eagle Huntress» фильмі 2015 жылы «Оскар» сыйлығының шорт листіне дейін жетті. Ал, 2017 жылы Айшолпан Нью-Йорк қаласында «Asia Game Changer» сыйлығын иеленді. Бұл сыйлық Азияның ең таңдаулы тұлғаларына табысталады. Бұған дейін, бұл марапатқа Джек Ма, Мэнни Пакяо, Дью Пател секілді жұлдыздар лайық деп танылған.

Айшолпан алдағы уақытта Америкада білім алуды жоспарап отыр. Қазір Лос-Анджелесте оған арналып жеке кітап жазылып жатыр. Ағымдағы жылы тұсауы кесілуі тиіс. Ол  өзі тұрып жатқан елінің БАҚ өкілдеріне берген сқхбатында өзін  әлем жұрты «Бүркітші қыз» ретінде танығанын, енді  «білімді Айшолпан» ретінде  танығанын қалайтынын  айтыпты.

«Америкада оқимын деп шештім. Дәл қай университет екенін әлі таңдамадым. Бұған дейін Гарвард, Оксфорд университеттері грант ұсынған болатын. Бірақ, әлі соңғы таңдауымды жасаған жоқпын» –дейді Айшолпан журналистермен кездескен кезде.  

Айшолпан жайлы қазір АҚШ-та кітап жазылып жатыр.

Тұсауы Лос-Анджелес қаласында кесіледі. Авторы Лиуза Уэлш.

Кітаптың атауы «The Eagle Huntress».

Луиза қазіргі уақытта кітапты жазып, аяқтап қалыпты.

 Айшолпанды іздеп барып, арнайы фильм түсірген шет елдік журналистердің де, онымен кездесуге барған туристердің де қарасы көп болды. Мәселен, 2018 жылы Моңғолияға 30 астам елдің саяхатшылары барған болса, соның 40% жуығы Айшолпанды көру үшін аттаныпты.

Бүркітші қыз 2018 жылы Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың жарлығына сай «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды. Ал 2019 жылың басында президент Нұрсұлтан Назарбаевпенжүздесті.

- «Жастар жылының» ашылуында да айттым, қазірде қайталаймын. Қазақтың Президентімен кезігу менің арманым еді. Мақтанғаным емес, осы күнге дейін әлемнің талай жұлдыздарымен кезіктім. Олармен араласып көрдім. Бірақ, Елбасының бойынан бұған дейін ешкімнен көрмеген күш-қуатты байқадым. Энергиясын сездім. Қанша дайындалып барсам да, Президентті көрген кезде қобалжып, қанша күн дайындалған сөзімнің бәрін ұмытып қалдым. Нәтижесі қалай болғанын бүкіл Қазақстан көрді-дейді Айшолпан.

Әлем мойындаған Айшолпанды Қазақстан жұрты кеңінен таныды, ал АйшолпанҚазақстанмен жақын танысты. Ол үшін Астанаға келу, осында оқуға түсу күтпеген әрі айтулы оқиға болды.

Гүлбаршын САБАЕВА,

 «Еgemen Qazaqstan»

Алматы

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

UAE and Kazakhstan discuss bolstering ties

Саясат • Бүгін, 16:40

Балапан мен тауық үлестіріп жүр

Аймақтар • Бүгін, 15:41

Ұқсас жаңалықтар