Қазақстан • 15 Ақпан, 2019

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың жұмысын қорытындылап, биылға арналған міндеттерді айқындады. Бір сағатқа жуық баяндама жасаған министр Елжан Біртанов денсаулық сақтау саласы бойынша жеткен жетістіктерге тоқталып, түйткілді мәселелерді ортаға салды.

Е.Біртанов медицина саласындағы сапасыз қызметтерді атады

Медициналық қызмет көрсетудегі қордаланған мәселелерді төрт түйінге жинақтаған министр былай деді: «ең басты міндет – медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.  Министрлік мемлекеттік органдар мен әлеуметтік желі арқылы медицина саласына деген халықтың пікірін зерттеп, оларды не мазалайтынын анықтады. Біріншіден, сапасыз медициналық қызметтер емханаларда, жедел жәрдем және ауруханалардың қабылдау бөлімдерінде өте жиі кездеседі. Екінші мәселе – медициналық қызметтің қолжетімділігі. Бұл көп жағдайда түрлі технологияларға, медициналық қызметтің және дәрі-дәрмектің бағасына байланысты болып отыр. Үшіншіден, денсаулық сақтау саласының ашықтығы. Халық медициналық қызметтердің қалай ұйымдастырылып, қалай жеткізіліп жатқанын түсінбейді. Олар қандай жүйелі шаралар мен жаңа тәртіптердің енгізілгенінен хабарсыз. Оны біз дұрыстап көрсетпейміз. Соңғы бір маңызды мәселе – халықтың денсаулық жағдайы».

Әсіресе науқастар шұғыл, жоспардан тыс стационарға түскен кезде медициналық қызметтің дұрыс көрсетілмейтінін айтқан министр қабылдау бөлімдеріне шұғыл көмек көрсететін дәрігер енгізілетінін жеткізді.

Майгүл СҰЛТАН,

«Egemen Qazaqstan»