Аймақтар • 16 Ақпан, 2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

166 реткөрсетілді

Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың мәселесін шешуге арналған Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының алғашқы нәтижелері шығарылды. 

- Осы бастамаларды жүзеге асыра бастағалы облыс көлемінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1,4 млрд. теңгеге 164 пәтер берілді. 67 мың азаматтың айлық табысына түсетін салық азайтылды. Кәсіпкерлікті қолдау жолында 4,3 млрд.теңге қаржы бөлініп, 1242 шағын несие берілді. Болашақ мамандар үшін 148 грант беріліп, биыл студенттерге арналған 5 жатақхананың құрылысын бастаймыз, - деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов.

Өңір басшысының айтуынша, бүгінде облыс бойынша 1800 студент жатақханамен қамтылмаған. 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Батыс Қазақстан

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Кеше

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар