Аймақтар • 16 Ақпан, 2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

155 реткөрсетілді

Аудан орталығында қысқы президенттік көпсайыс спорт түрінен жыл сайын жарыс өтеді. Баянауылдың таулы табиғатына сай қарлы қысы нағыз қысқы туризмге сұранып тұрған жер. Аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің хабарынша, Қаныш Сәтбаевтың туғананына 120 толуына орай өткізіліп отырған қысқы спартакиада әлі де жалғасады. Қысқы спортпен айналысуға мүмкіндік беріп тұрған табиғат уақытын дұрыс, дер кезінде пайдалана білу-саламатты өмір салты.

Биыл да жарысқа аудандағы 12 ауылдық аумақтың жастар құрама командалары жиналды. Қысқы президенттік көпсайыс жарысына қатысу үшін ауылдарда спортпен айналысатын 70 жас қатысты. Жастар мылтық ату, күшті жетілдіру жаттығулары және шаңғы жарыстары бойынша жарыстардан өздерін көрсете білді.

Жарыс барысында барлық жарыс түрлерінен 18-23, 40-49 жас ерекшелігі бойынша ерлер командасы 1 орынды иеленді. Сондай-ақ, қыздар арасында 18-23, 24-39 жас тобындағылар 2 орын иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша 368 ұпай көрсеткішімен Баянауыл ауылдық аумағы құрамасы I орын, 217 ұпаймен Майқайың кенті құрама командасы II орын, 207 ұпай көрсеткішімен Ақсаң ауылдық аумағы командасы III орынға ие болды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы

Суретті түсірген Ризагүл Омашева

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар