Спорт • 16 Ақпан, 2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

Кеншілер астанасында волейболдан милиция генерал-майоры, ауған соғысының ардагері В.Шумиленко атындағы турнир өтті. Дәстүрлі жарысқа облыстың 22 командасы қатысып, 200 полицей кубок үшін сынға түсті.

Турнир қорытындысында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші жүлдені жол-патрульдік полицияның өкілдері иемденсе, қола медальді Қарағанды қалалық полиция басқармасының волейболшылары қанағат етті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар, медальдар мен кубоктар табыс етілді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы