Қазақстан • 16 Ақпан, 2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық кәсіпкер және промоутер Рик Глэйзер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің басындағы жағдай туралы аз-кем пікір білдіріпті. Отыз жылдай кәсіпқой бокстың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген маманның сөзіне спорт қоғамдастығы құлақ түре қалған.

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

«Менің ойымша, GGG - Головкиннің кәсіпқой бокс туралы түсінігі соншалықты терең емес. Бұл – оның басындағы проблемалардың ең үлкені болуы әбден мүмкін. Меніңше, ол зейнеткерлікке кету туралы ойланып жүрген сияқты» дейді инсайдер.

Рик Глэйзер боксшы Головкиннің бұрынғы менеджерлерімен соттасып жатқанын да тілге тиек етіп, бұл жағдайдың спортшыны қатты мазалап жүруі мүмкін екендігін айтқан.

Еске сала кетсек, атақты боксшы өзінің экс-менеджерлері – Максим және Олег Германдарды сотқа берген болатын. Головкиннің айтуынша, ағайынды Германдармен арадағы қарым-қатынасқа 2017 жылы нүкте қойылған екен. Соған қарамастан, экс-менеджерлер заңсыз, лицензияланбаған қарым-қатынасты пайдаланып, Альварес пен Головкин арасындағы екінші жекпе-жектен ақша қарпып қалуға әрекеттенген.

GGG соттан өзінің пайдасына Германдармен бұрын жасалған мәмілелерден 3,5 млн доллар өндіріп беруді сұраған.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды