Аймақтар • 17 Ақпан, 2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

131 реткөрсетілді

Алакөл ауданында баспанаға мұқтаж отбасылардың өтініші қанағаттандырылды. Жақында аудан әкімі Әлібек Жақанбаевтың тапсырмасымен Бескөл ауылдық округінде екі әулетке тұрғын үй қорынан пәтер берілді.

Бескөлдік жалғызбасты әке Николой Одуденко 3 баласын бағып-қағып отыр. Жағажайдағы қонақ үйлердің бірінде қара жұмыс істейтін Николай әулетімен ескі үйді паналап келген еді. Баспана деген аты болмаса, бұл үйде балалардың сабаққа дайындалуына, алаңсыз ойнауына еш мүмкіндік жоқ-тұғын. Балаларының үшеуі де сабақты жақсы оқиды. Виктория алтыншы, Владимир төртінші, ал Сергей екінші сыныпқа барып жүр. Жалғызбасты әкенің жайынан хабарлар болған аудан әкімі Николайға Бескөл ауылынан 2 бөлмелі пәтер берді. Қазір орталықтан жылитын үйге қоныстанған әулеттің қуанышында шек жоқ.

Осы Бескөл ауылдық округінің «Загатзерно» ауылында тұратын көпбалалы тағы бір отбасының да жағдайы мәз емес еді. Александра Мельникованың 10 баласы бар. Өзі жалғызбасты ана. Бескөлдегі балық зауытында жұмыс істейді екен. Бар тапқан-таянғанын балаларының аузына тосатын Александраның басында баспанасы жоқ. Аудан әкімдігіне жазаған өтініші қаралапы, жақында бұл әулетке де 2 бөлмелі пәтер берілді.

- Өңірде көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмектің көлемі жыл сайын артып келеді. Оларды азық-түлікпен, киім-кешекпен, тұрмыстық заттармен, қыстық көмірмен қамтамасыз ету, басқа да материалдық қолдау көрсету бойынша түрлі шаралар бар. Баспана жайын да қолдан келгенше шешіп жатырмыз. Былтыр аудан орталығы Үшарал қаласында салынған 20 және 60 пәтерлі тұрғын үйден әлеуметтік жағынан аз қамтылған бірнеше отбасыға пәтер бердік, - дейді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар