Қазақстан • 17 Ақпан, 2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

29 реткөрсетілді

Америкалық The World's Best шоуының келесі кезеңіне өткен қатысушылар тізімі анықталды.

Байқаудың YouTube хостингіндегі ресми парақшасына жарияланған роликте екінші кезеңге қазақстандық Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова да өткен.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Димаш 100 балдан 98, ал Данэлия - 96 балл алды. Бағдарлама эфирі сәрсенбі, 20 ақпанға жоспарланған. Ал Қазақстанда әртістердің өнерін 21 ақпанда таңертең көре алады.

The World's Вest  - CBS арнасындағы талантты адамдар туралы телебағдарлама. Төрешілер арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл және актер Ру Пол бар, сондай - ақ, жүргізуші - британдық күлдіргі Джеймс Корден. Соңғы шешімді үш бас төреші мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 50 сарапшы қабылдайды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар