Спорт • 17 Ақпан, 2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияда бокстан өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінде алты қазақстандық спортшы ширек финалға жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

49 келідегі Теміртас Жүсіпов болгариялық Эргюнал Сабримен жұдырықтасады. 

60 келідегі Зәкір Сафиуллин қытайлық Шензе Кимен өзара мықтыны анықтайды. 

64 келідегі Санатәлі Толтаев грузиялық Отар Эраносянмен кездеседі. 

69 келідегі Абылайхан Жүсіповтің қарсыласы – ресейлік Шахабас Махмудов. 

91 келі салмақта Василий Левит америкалық Джаред Андерсонмен қолған түйістіреді. 

Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев болгариялық Петар Белберовпен жартылай финал жолдамасына таласады.

Қазақсан командасы сапынан 75 келідегі Ерік Әлжанов, 81 келідегі Бек Нұрмағанбет пен Әнуар Мұзаппаров және әлем чемпионы, 56 келідегі Қайрат Ерәлиев жеңіліс тапты.