Әр түрлі жастағы-әжелер мен келіндер, тіпті әлі тұрмысқа шықпаған қыздар жиналып, ғасырлардан жеткен қазына-бесік жырын айтудан жарысқа түсті. Қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы бастаған қазылар алқасы өнермен өрілген өнегені саралай келе, бас жүлдеге лайықты деп Боранкүл Келесованы тауып, қалған орындарды да иесіз қалдырмады.
Балғын Досымбекова, Ақмарал Иманалиева, Бақыт Демеева жеңімпаздар қатарын толықтырса, "Көрермен көзайымы" атанған Жанат Ермаханова арнайы сый иеленді. Жалпы жүлдегерлер мен қатысушылардың ешқайсысы назардан тыс қалмай, арнайы дипломмен марапатталды.