Спорт • 17 Ақпан, 2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мамыр немесе маусым айларында жұдырықтасқысы келсе, оның мүмкін деген барлық әлеуетті қарсыластарын атап өтті, деп хабарлайды  Sports.kz.

Оның ықтимал қарсыластарының тізімі келесідей: шорт-парақта Роб Брант, Давид Лемье және Джермалл Чарло бар, одан кейін Сергей Деревянченко, Маце Сулецки, Джек Кулькай, Мэтт Коробов және Эскива Фалькао бар.

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақтағы жетекші боксшылар мамыр айында кездеседі. Сауль Альварес Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек өткізеді, ал Деметриус Андраде Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуы тиіс. 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше