Бокс • 18 Ақпан, 2019

Үш қазақстандық боксшы "Странджа" турнирінің жартылай финалына өтті

168 реткөрсетілді

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирінде жартылай финалға өткен боксшылар анықталды. Қазақстан құрамасы сапынан ширек финалда алты боксшы бақ сынауда деп жазады Olympic.kz. 

Еліміздің бес дүркін чемпионы, 49 келідегі Теміртас Жүсіпов шаршы алаң иесі Эргюнал Сабриді 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. 

64 келідегі Санатәлі Толтаев қытайлық Шензе Киден 5:0 есебімен басып түсті. Осылайша, жас боксшы халықаралық турнирдің ½ финалына өтті.

60 келідегі Зәкір Сафиуллин тартысты жекпе-жекте грузиялық Отар Ераносянды ұтып, келесі айналымға өтті. 

Қалған үш жекпе-жек нәтижесі ертең белгілі болатынын еске саламыз. 

Бокстан Қазақстан құрамасы Болгариядағы турнирге бірінші құраммен қатысуда. Команда сапынан Қайрат Ерәлиев, Ерік Әлжанов, Бек Нұрмағамбет және Әнуар Мұзапаровтар жеңіліс тапты. 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар