Медицина • 18 Ақпан, 2019

Жұмылдырушы топтар іс үстінде

349 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жұмылдырушы топтар іс үстінде

Қандай қоғамда болмасын, қайырымдылық пен қолдауды қажетсінетін жандар болмай тұрмайды. Әсіресе мұндай көмекке көп балалы тұрмысы төмен отбасылар, қамқоршысынан айырылған көп балалы аналар зәру екені – айтпаса да белгілі. Осы мәселені реттеу үшін өңірде арнайы жұмылдырушы топтар құрылды. Оның мүшелері тұрмысы төмен, табысы аз, тұрақты баспана мәселесі шешімін тапаған отбасылардың үйлеріне барып, жай-күйлерімен танысуды тұрақты іске айналдырып келеді. Оның құрамында қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, қоғамдыққорлар мен мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Сондай-ақ бұл құрамда аймақтағы абырой-беделі жоғары, елге сыйлы, өмірден көргені мен түйгені мол зейнет жасындағы адамдар да бар. Солардың бірі прокуратура органдарының ардагеру Мәрия Тәджібаева мұқтаж жандарға көмек көрсету ісінің бел ортасында жүр. Мен өзімде зейнеттемін, әйтсе де топ құрамында ел-жұртқа қолымнан келген көмегімді тигізуді қажет деп таптым. Сонда байқағным, бірқатар отбасылар мен мұқтаж жандар өздерінің заңды құқықтарын біле бермейтіні. Оларға осы тұрғыдан заңдық кеңестер беруі парызым деп санаймын. Тұтастай алғанда қарапайым тұрғындар жергідікті биліктің өздерін елеусіз қалдырмағаны үшін ризашылықтарын білдіруде дейді ол.

- Жұмылдырушы жұмысшы топтар тұрмыс деңгейлері төмен отбасылардың жай-күйімен танысқанан кейін. Тиісті шешім қабылдайды. Қажет жағдайда оларға әртүрлі материалдық көмектер беру шараларын ұйымдастырады. Бұл мәселе жұмылдырушы топтар мүшелерінің қатысуымен қалалық әкімдік жанында тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету жөнінде құрылған штабтың мәжілісінде талқыланып, түбегейлі шешімін табады деді газет тілшісіне Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Өңірде дербес баспанасы жоқ, пәтер жалдап тұратын көп балалы аналарға бизнес өкілдері мен кәсіпкерлер көмек көрсетуде. Ысалы таяуда «АқтөбеСтройЭксперт» ЖШС-ның директоры Жасталап Жанбеуов құрқылтайдың ұясындай тар уақытша баспанада тұратын сегіз баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Салтанат Сәдуоваға пәтер сатып алып берді. Бұл үшін ол «Қолқанат Ақтөбе» қоғамдық қорына қажетті қаражатты аударған. Осы арада көп балалы ананың ері екінші топтағы мүгедек, әрі екі перзенті арнайы мектепте оқитын мүгедек балалар екенін де айта кеткен жөн секілді.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласында жалдамалы пәтерде тұратын алты баланың анасы Галина Новиковаға жер телімінің сертификаты берілді. Ендігі кезекте  Ақтөбенің атымтай жомартының бірі, жеке кәсіпкер Айбек Әмірбаев берілген жер телімінен оған үй салып беруді көздеп отыр. Аймақта тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету ісінің өзге де мысалдары жеткілікті. Жұмылдырушы топтар мен Ақтөбе қалалық әкімдігі жанынан құрылған штаб мүшелері алға қойған мақсаттарын іске асыру үшін нақты мекен-жайларға барып, қарапайым тұрғындардың өтініштеріне құлақ түріп жүр.

Қорғай жүр, қайырымдылық!

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ