Жаңа жылдан бастап Ақтөбе аймағында бұған керісінше жағымды жағдай орын алып отыр. Яғни жоғарыда аталған халыққа көрсетілетін коммуналдық қызмет түрлері бестен он пайызға дейін арзандады. Әсіресе газ бен жылу тарифтерінің едәуір төмендеуі тұрғындардың жылы ықыласына ие болып, ризашылық сезімдерін туғызды. Сонымен бірге коммуналық қызметтің өзге түрлері –су, сондай-ақ кәріз үйелері ағынды сулары мен лифт, пәтер иелері кооперативтері, домофон, қоқыс шығару қызметтерін пайдаланғаны үшін де ақтөбеліктер бұған дейінгі кезбен салыстырғанда аз төлем төлей бастады.
Бұған қалай қол жетті? Яғни бұл үшін өткен жылы өңірде мемлекеттік мекемелер мен монополияға қарсы қызмет және прокуратура органдары өкілдерін тоғыстыратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар дереу іске кірісіп, коммуналдық кәсіпорындардағы артық шығындарды алып тастауға қол жеткізді. Содан соң халыққа қызмет көрсетудің ақырғы құнын анықтауға күш салды. Сөйтіп, артық-кемі жоқ әрбір тарифтің өзіндік құны белгілі болды. Мұндай жұмыстар коммуналдық қызметтердің ьарлық түрлері бойынша жүргізілді, -деді бұл жөнінде газет тілшісіне Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.
Қазіргі күні коммуналдық қызмет түрлері бағаларының төмендегенін ақтөбеліктер сезініп отырған сыңайлы. Міне, өңірде тарифтерді түсіру жөнінде атқарылған жұмыстардың басты нәтижелері осындай. Мұндайда бәрекелді демегенде не демекпіз!
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Egemen Qazaqstan»
АҚТӨБЕ