Оның бастапқы жарнасы небәрі -350 мың тенге төңірегінде. Ал әр ай сайынғы төлем 33 мың тенгеден аспайды. Осылайша әлеуметтік және бюджеттік салада қызмет атқарып жүрген облыс жастары алаңы 55 шаршы метр пәтерлерді ипотекалық тәсілмен сатып ала алады. Таза әрлеудегі тұрғын үйдің әр шаршы метрінің құны 100 мың тенге. Мұндай қолжетімді баға олар үшін қаржылық тұрғыдан өте тиімді екені анық.
Тағы бір жағымды жәйтк жаңа баспанаға ие болу үшін өтініш берген жастардың күткен қуаныштар ұзаққа созылған жоқ. Ақпанның екінші он күндігінде олар жылы да жайлы, сыңғырлаған су жаңа пәтерлердің кілттеріне ие болды. Бірегей бағдарламаны жүзеге асырудың ең алғашқы кезегінде оған облыстағы елу жас пен жас отбасылар қол жеткізді. Бүгінгі күні облыста жастар жылы құрметіне әр сайын жаңа баспаналардың кілтін тапсыру жөнінде іс-шаралар кешені белгіленген.
Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ