Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Облыстық филармонияға автобус сыйға тартты

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияға 75 жыл толады. Облыста үш күн бойы дүрілдеп өткен дирижерлер форумының соңғы қорытынды концертінде Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов облыстық филармонияның директоры Назымбек Молдахметовке автобус кілтін тапсырды. Сонымен қатар ол биыл өнер ұжымының мерейтойы үлкен табыстармен аталып өтетінін және материалдық жағынан нығая түсетінін айтты.

Облыстық филармонияға автобус сыйға тартты

– Биыл Қостанай қаласының жаңа тұрғын ауданында салынып жатқан облыстық филармонияның ғимараты тапсырылады. Қостанайлықтар мен қала қонақтары концертті заманауи концерт залында отырып, тамашалайтын уақыт та алыс емес. Сонымен қатар әртістерге жаңа костюм де ұмытылмайды, – деді Ерлан Болатұлы.

Ал ұжымға сыйға тартылған автобус әртістерге гастрольге шығуға қажет. Онда барлық қолайлылық ескерілген.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай