Құжаттарды республиканың кез-келген аймағындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары және egov.kz сайты арқылы онлайн тапсыруға болады.
Құжаттарды қабылдау 2019-шы жылдың 25-ші ақпаннан 31-ші тамызға дейін жүргізілетін болады.
Ал, негізгі конкурс 6-шы наурыздан 29-шы қарашаға дейін өткізіледі. Осы жылы стипендия 69 мамандық бойынша тағайындалады. Сондай-ақ, қазақстандық студенттер шетелдік жүзден астам үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Ал, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» стипендиясынан басқа да үкіметаралық және шетелдік серіктес университтердің бөлген гранттары мен жалпы көптеген шетелдік университтердің тегін гранттарын еліміздегі шетелден сапалы білім алғысы келген жастар үшін ұсынып келеді. Бүгінгі таңда 40 000 жуық гранттар қазақстандықтар үшін қолжетімді деп айтуға болады.