18 Ақпан, 2019

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада басталды

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайынғы дәстүрге айналған астаналық мемқызметкерлер арасында өтетін ХІ қалалық спартакиада басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап. 

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада басталды

Осы жылғы жарыс 17 ақпан мен 5 мамыр аралығында өтеді.

«Спорттық сайысқа Астана қаласының аудан әкімдіктері, департаменттер, басқармалар мен оларға қарасты мекемелердің қызметкерлерінен құралған командалар шақырылады», - деп хабарлайды қалалық басқарма.


Жарыс 12 спорт түрінен өтеді: шаңғы, волейбол, шахмат, шағын футбол, үстел теннисі, қол күресі, эстафета, жазғы президенттік көпсайыс, дойбы, арқан тартыс, асық ату және бильярд.

Спорттық шараны ұйымдастырушы қалалық Мәдениет және спорт басқармасы мен Астана қаласы әкімінің аппараты.