Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады

167 реткөрсетілді

Қазгидромет 18-20 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын хабарлады.

18-20 ақпан аралығында Астанада жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Көкшетау жолдарында көктайғақ болуы ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады, жел солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні - 20 м/с.

Ақтауда күндіз солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, оның жылдамдығы түнде кей жерлерде және күндіз облыс аумағының басым бөлігінде 15-20 м/с болады. Ақтөбеде күндіз боран болып, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысында таулы аудандарға мол жауын-шашын жауады, кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр, екпіні 25 м/с болуы ықтимал.

Шымкентке тұман түседі, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістанға тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанайда боран болып, жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, кей жерлерде түнде секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түсуі ықтимал, жел солтүстік-батыстан, батыстан 18-23 м/с жылдамдықпен соғады. Оралда боран соғуы мүмкін, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел солтүстік-батыстан секундына 18 метр жылдамдықпен соғады.

Соңғы жаңалықтар

Азық-түлік бағасы алаңдатады

Парламент • Бүгін, 08:12

Ұқсас жаңалықтар