Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Тирольдағы тартыс әлемнің ең үздік шаңғышыларын анықтайды

100 реткөрсетілді

20 ақпанда Аустрияның Зефельд-ин-Тироль қаласында шаңғыдан әлем чемпионаты басталады. 3 наурызға дейін созылатын бәсекелер барысында осы спорт түрін серік еткен жер жаһандағы мықтылардың барлығы бақ сынап, 21 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Тәуелсіздік алған кезден бері Қазақ­стан айтулы жарысқа үз­дік­сіз қатысып келеді. 13 мәрте ұйымдас­тырылған әлем чемпионаттарында отандастарымыз 9 мәрте жеңіс тұ­ғырына көтерілді. Тарқатып айтсақ, 3 алтын, 2 күміс және 4 қоланы қоржынға салдық. Барлығы – 9 жүлде. Біздің шаңғышылар арасынан Владимир Смирновтың шоқтығы биік болды. Ол 1993 жылы Швецияның Фалун қаласында қос күміс пен бір қола медальді иеленген еді. Смирнов 10 шақырымдық классикалық және 10 шақырымдық еркін тәсілде мәре сызығын екінші болып қиып өтсе, 30 шақырымдық классикалық әдісте үшінші орынға табан тіреді. 

1995 жылы Канаданың Тандер-Бей қала­сында 3 алтын және 1 қола ме­дальді олжалаған Қа­зақ­стан құрамасы жалпы командалық есепте төр­тінші сатыға жайғасты. Алдымызда тек қыс­­қы спорт түрлерінің алпауыттары – Ресей, Нор­ве­гия және Жапония. Бұл жүл­делердің бар­лы­ғын әйгілі шаң­ғы­шы Владимир Смирнов жеңіп алды. 

Даңқты Владимир Смирнов үл­кен спорттан қол үзгеннен кейін Қа­зақ­станның шаңғышылары ұзақ жыл­дар бойы еңсе тіктей алмады. Түрлі додаларда біздің спортшылар жүлде алып жүргенімен, төрткүл дүниенің мықтылары бас қосқан жарыс­та жер сипап қалды. Мәселен, 1997-2011 жылдар аралығында ұйым­дас­­тырылған сегіз бірдей байрақты бәсе­кеден құралақан оралдық. Тек 2013 жылғы әлем чемпионатында туы­мыз қайта биікте желбіреді. Италия­ның Валь-ди-Фьемме қаласында ұйым­дастырылған әлем чемпионатында 50 шақырымдық масс-стартта Алексей Полторанин қола медальді мойнына ілсе, дәл сол Полторанин өзінің командалық әріптесі Николай Чеботькомен бірге 6х1,5 шақырымдық еркін тәсілдегі командалық спринтте де үшінші орынды еншіледі.

Міне, содан бері бақандай алты жыл өтті. 2015 жылғы әлем чемпионаты Швецияның Фалунында өтсе, 2017 жылғы доданы Фин­ляндияның Лахти қаласы қабылдады. Осы жарыс­тың екеуінде де командалық есепте Норвегия мен Германия көш баста­ды. Швецияда үшінші орынға жа­рыс қожайындары табан тіресе, Суоми елінде ресейліктер сол меже­ден көрінді. Өкінішке қарай, осы жа­рыстардың екеуінде де жерлестеріміз­дің жолы болмай, елге еңселері түскен күйде оралды. Енді таяу күндері Аус­трияның Зефельд-ин-Тироль қала­сын­да басталатын дүбірлі додада сол ол­қы­лықтың орны толады деп үміттенеміз. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар