«Біздің бөлімшенің қызметкерлерінің келісілген іс-әрекеттерінің нәтижесінде, біз, күдіктіні аз уақыт ішінде анықтадық және ұстадық. Бүгінгі күні оның үстінен бір шағым түскен. Тергеу барысында зардап шегушілердің тізімі артуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу анықтағандай, Н.есімді азамат адамдарды жеке кәсіпті дамытуға көмектесемін деп алдап, ақшаларын иемденген. Анықталғандай, күдіктінің жеке кәсіпке ешқандай байланысы жоқ болып шықты, жәбірленушілердің ақшасын қайтармаған және азаматтарды ортақ кәсіпті құру сылтауымен ақша табу үшін өз қажеттілігіне жұмсаған», - деп хабарлады, Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Болат Тотыбаев.
Н.есімді азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерді, полиция қызметкерлері тергеушілермен мына нөмірлер арқылы дереу байланысуға шақырады: 254-48-72 және 524-48-71.