Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Ақмола облысына 235 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді

189 реткөрсетілді

Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақмола облысын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және «СҚ-Фармация» серіктестігінің қызметі» тақырыбында халықтың қауіпсіз, тиімді, сапалы және арзан базалық дәрі-дәрмек пен вакциналарға қол жетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне, сондай-ақ, олардың уақтылы жеткізілу механизміне арналған брифинг болып өтті.

Брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Болат Әбішев және Ақмола облысындағы «СҚ-Фармация» серіктестігінің аймақтық өкілдігінің басшысы Роза Тілеспаева мынадай мәлімдеме жасады.

– Ақмола облысында  2018 жылы 88 мың адам әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 3,6 миллиард теңгенің тегін медициналық дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз етілді. Ал, 2019 жылы 5 миллиард теңгеге 120 мыңға жуық адамды қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Тегін берілетін дәрілердің белгілі бір тізімі жасалған. Бұл тізім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2017 жылғы 29 тамыздағы №666 бұйрығымен көрсетілген. Сондай-ақ, сырқаттар тегін дәрі-дәрмектерді тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханада  белгіленген бір дәріханадан алуға болады.

2018 жылдан бастап барлық дәрі-дәрмектерді жеткізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен орталықтандырылған. «СК-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмектерді амбулаториялық жеткізу шеңберінде барлық дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу бойынша бірыңғай дистрибьютор ретінде анықталды. Оларды қаржыландыру әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жүзеге асырылады, – деді Болат Қалқаманұлы өз мәлімдемесінде.

– Алғашқы дәрі-дәрмектерді жеткізу ағымдағы жылдың 28 қаңтарында басталды. Облысқа 235 миллион теңге көлемінде 177 дәрі-дәрмектің түрі жеткізілді. Көкшетау қаласына 105 миллион теңге көлеміндегі дәрі-дәрмек бөлінді. Қазіргі уақытта жеткізілмеген дәрі-дәрмектерді қаңтар айында және ағымдағы жылдың ақпан айына жеткізу жүзеге асырылуда, –  деді өз хабарламасында Роза Ақпашқызы.

Сонымен қатар сөйлеушілер тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бүкіл қазақстандық науқастар кез-келген жергілікті телефоннан 1439 нөміріне тегін қоңырау шала алатынын жеткізді.

Брифингті өткізушілер дәрі-дәрмекке байланысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, байланыс орталығының операторлары кепілдік берілген тегін медициналық көмек шеңберінде диспансерлік тіркеу және амбулаториялық ем алу үшін пациенттерге тегін ұсынылатын қажетті дәрілік заттарды жеткізуде жоспарланған мерзімдері туралы ақпарат береді.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар

Сенат Бюросының отырысы өтті

Парламент • Бүгін, 16:53

Бейбіт күндегі қазаға кім кінәлі?

Қазақстан • Бүгін, 16:30

Тірі малды сату - тиімсіз

Аймақтар • Бүгін, 12:25

Ұлы Абай мұрасы Кереку елінде

Руханият • Бүгін, 10:23

Абайды тану – асыл парыз

Руханият • Бүгін, 09:21

Ұлағат ұққан ұшпаққа шығады

Аймақтар • Бүгін, 08:28

Ұқсас жаңалықтар