18 Ақпан, 2019

Дархан Асаділов: Премьер-лигадағы жеңіс Токио олимпиадасына жол ашады

166 реткөрсетілді

Каратеден Дубайда өткен Премьер-лига кезеңінің жеңімпазы Дархан Асаділов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, ірі рейтингілік турнирден алған әсерімен бөлісті. 

 - Алланың қалауымен Дубай төрінде алтын тағудың сәті түсті. Карате Олимпиадаға бағдарламасына енген соң рейтингілік турнирлер қатары күрт көбейгенін білесіздер. Міне, айналдырған бір айдың шамасында екінші ірі жарысты еңсеріп отырмыз. 

Қаңтардың орта тұсында Парижде өткен кезеңде қола медаль иеленген едім. Осы жолы алтынға да қол создым. Әрине, бұл менің Премьер-лига кезеңдеріндегі алғашқы биігім емес. Десе де, Олимпиада қарсаңында бұл медальдің орны ерекше. Өйткені, тап осы жеңістерім арқылы Токиоға апаратын жол ашылары сөзсіз. Бұл жарыстардың барлығында лицензиялық ұпайлар таратылады. Сол үшін бар күшімізді салудамыз. 

Дубайға сақадай сай күйімде бардым. Бірақ ешбір қарсыласымды бөліп жармаймын. Бірінші кездесуден бастап финалға дейінгі жекпе-жектердің бірде-бірі маған оңай соққан жоқ. Барлығында 100 пайыз күшімді жұмсап, соңына дейін босаңсымауға тура келді. 

Париждегі турнирден соң әлемдік рейтингте 5-ші орында тұрғанмын. Енді бір-екі саты жоғарылайтыным сөзсіз.

Каратедегі барлық тәжірибем ме күшімді Олимпиада ойындарына жолдама алып, төртжылдық додасында жүлде алуға жұмаймын. Басты мақсат – Олимпиада ойындары, - дейді Дархан.

Еске сала кетейік, Дархан Асаділов каратеден әлем чемпионатының қола жүлдегері. Азия ойындарының чемпионы әрі жүлдегері. 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар