Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Ақмола облысында «Белсенді өмір» орталығы ашылды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облыстық «Нұр Отан» партиясының филиалы Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясымен бірлесіп, Достық үйінде «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында ұзақ жасаудың белсенді орталығын ашты. Орталықтың мақсаты қарт адамдардың бос уақыттарын үйлестіру және ұрпақ сабақтастығын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.

Ақмола облысында «Белсенді өмір» орталығы ашылды

Бүгінгі таңда өңірде 112 мыңнан астам зейнеткер болса, облыс орталығы  Көкшетау қаласында 26 565 ардагер тұрып жатыр. Орталық арқылы қарт адамдардың өмір сүру сапасын арттып, олардың бос уақытын  тиімді өткізуге жағдай жасалмақ. Сондай-ақ, мұнда  зейнет жасындағы адамдарды салауатты өмір салтын ұстануға, компьютерлік білімдерін арттыруға, қазақ тілін үйренуге, психологиялық, заңгерлік көмек алуға мүмкіндік жасалатын арнайы клубтар ашылады.

Бүгінгі күні облыста ардагерлердің бос уақыт мәнді өткізуіне бағытталған 40-тан астам клуб жұмыс істейді. Бұлардың қатарындағы «Родник» мәдени орталығының, қалалық ардагерлер кеңесі жанынан ашылған шахмат-дойбы клубының, отбасылық «Алтын жас» клубының, Достық үйі жанындағы этномәдени орталықтардың және басқа мүдделер бойынша жұмыс істейтін үйірмелердің белсенді қызметін атап өтуге болады.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы