Комиссия төрағасы Сварна Субба Рао әлемнің ең жоғары нүктесіне экспедиция екі айдан соң аттанатынын айтты. Гималайдың биіктігін өлшеуге шамамен бір айға жуық уақыт кетеді деп жоспарланған.
Ғалымдар 2015 жылғы жер сілкінісінен соң Эверестің өз деңгейінен төмендегенін айтқан болатын. 1955 жылғы өлшем бойынша шыңның биіктігі - 8848 метрге тең.
Айта кетейік, 2015 жылы Непалда 7,8 балдық жер сілкінісі болып, 8000-ға жуық адам қаза тапқан-ды.