08 Мамыр, 2012

Даму үшін ынталандыру

366 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Даму үшін ынталандыру

Сейсенбі, 8 мамыр 2012 7:26

«Интергаз Орталық Азия» АҚ жұмысшыларының кәсіподағы қызметкерлерді және олардың отбасыларын жан-жақты қамқорлыққа алған

2012 жылдың 1-18 сәуір күндері аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ ең­беккер­ле­­рінің 9-10-11 сыныптарда оқи­­­­­тын балалары мен немерелері арасында математикадан олимпиада өткізілді. Бұл шара «Интергаз-интерсынып» бағдарла­­­­масының аясын­­­да «Интергаз Ор­­талық Азия» АҚ-тың құрылға­нына 15 жыл толған мерекелік шаралар ауқымында өткізілді. Бұл игі­лікті шараны өткізуге компа­нияның бас директоры Се­рік Естай бастамашы болды.

 

Сейсенбі, 8 мамыр 2012 7:26

«Интергаз Орталық Азия» АҚ жұмысшыларының кәсіподағы қызметкерлерді және олардың отбасыларын жан-жақты қамқорлыққа алған

2012 жылдың 1-18 сәуір күндері аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ ең­беккер­ле­­рінің 9-10-11 сыныптарда оқи­­­­­тын балалары мен немерелері арасында математикадан олимпиада өткізілді. Бұл шара «Интергаз-интерсынып» бағдарла­­­­масының аясын­­­да «Интергаз Ор­­талық Азия» АҚ-тың құрылға­нына 15 жыл толған мерекелік шаралар ауқымында өткізілді. Бұл игі­лікті шараны өткізуге компа­нияның бас директоры Се­рік Естай бастамашы болды.

Бұл жобаны өткізудегі басты мақсат біздің қызмет­кер­лері­­міз­­­дің балалары арасында математика саласындағы ең талантты да қабілетті оқу­шы­лар­ды анықтау болатын. Олимпиада қо­ры­тын­ды­сынан кейін бұл балаларға сапалы білім алу үшін барынша жағдай жасау көзделінген.

Олимпиада екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші тур бойынша компанияның аймақ­тағы құрылымдары еңбеккерлерінің балалары әрбір филиалдарда тестілеуден өтті. Сөйтіп, олимпиадаға қатысушылардың жал­пы білім деңгейі анықталды. Осы тес­тілеу барысында анықталған қабілетті де талантты оқушылар екінші – қорытынды турға жіберілді. 2012 жылдың 14 сәуірінде компа­ния­ның барлық өңірлік және ай­мақ­тық бө­лім­шелерінен іріктелген 42 оқушы Алматы қаласына келіп олимпиаданың ақ­тық финалына қатысты. Алматыдағы Қа­с­те­ев атын­дағы демалыс базасында бес күн бойы бұл балаларды ЮНЕСКО-дан келген оқытушы­лар ақтық сынаққа дайындады. ЮНЕСКО мамандары балалардың шығар­ма­­шылық және жалпы дүниетаным қабі­леттерін арттырумен қатар оларды әртүрлі мәдени бұқа­ралық шараларға тартты. Фи­налға қатысу­шылар Алматы қаласының көрікті орындарында, атап айтқанда Көк­төбе, Медеу, Шым­бұлақ спорт орталық­тарын аралады. «Сұң­қар» атты қырандар фермасында болды. Олар­дың әрбір күні спорт жарыстары, мәде­ни шаралар өткізу­мен ерекшеленді.

2012 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан-Бри­тан техникалық университетінің база­­сын­да олимпиада финалы өтті. Сынаққа түскен оқушылардың білім дәрежесін Қа­зақстан Рес­публикасы жоғары оқу орындарынан келген математика ғылымдары кандидаттарынан, докторларынан және про­фес­­­сорла­ры­нан құ­­­ралған кәсіби деңгейі жоғары әділқа­зылар алқасы бағалап отырды. 18 сәуірде олим­пиа­даның салтанатты түр­­де жабылу рәсімі болып өтті. Оған Қа­зақстан-Британ техникалық университе­ті­нің ректоры, экономика ғылым­дарының док­­торы, про­­­­фессор Ескендір Бейсембетов және ЮНЕСКО Клубтары Қазақ­стан ұлт­тық федерациясының бірінші вице-прези­денті қатысып, олимпиада жеңімпазда­рын құттықтап, сөз сөйледі. Оларға болашақ білім айдынында сәттілік тілеп, бағалы сый­­­лықтар тапсырды. Олим­пиадаға қаты­су­шы­­лар­­дың барлығы бірдей дипломдарға ие болды.

11 сынып оқушылары арасында өткен сай­­­ыста Айдын Қуанышев жеңімпаз деп танылды. Оның әкесі «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Алматыдағы электрхимия қор­ғау «Южный» желілік-өндірістік басқар­­ма­сы­­­ның магистральды газ құбыры басқар­ма­сын­да инженер болып еңбек етеді. Айдын Қуа­нышевқа олимпиада жеңімпазы ретінде Қа­зақ­стан-Британ техникалық уни­вер­сите­тінде оқу үшін арнайы грант тапсырылды. Екінші орынды иеленген Тұрғыт Дүйісовке жоғары оқу орнына түсу барысында 50 пайыз жеңіл­дік алу мүмкіндігі берілді. Тұрғыт­тың анасы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-тың «Атырау» желілік-өндірістік басқарм­а­сы­­ның магистральды газ құбыры басқармасында жаб­дықтау жө­ніндегі маман болып қызмет істейді. Үшінші орынды Хафиз Давлетьяров иеленді. Оның әкесі компа­нияның Орал қа­ла­сындағы инженерлік-техникалық орталық бө­лімшесінде жүргізуші болып жұмыс іс­тей­ді. Хафизге Қазақстан-Британ техника­лық уни­­верси­те­тіне түсу кезінде 30 пайыз жеңіл­дік жасалатын болды. Сонымен бірге, барлық топтар­дың жеңімпаздары iPad, Nokia-9 ұялы телефондары, Samsung Р6200 план­шет­тері сыйлыққа берілді. Осы жерде атап өтетін бір мәселе, олимпиада жеңімпаздарының бар­лы­ғы дерлік компания жұмысшыл­ары­ның ба­лалары. Бұл өз кезегінде олардың бола­шақ­тағы білім деңгейін арттырып, жоғары кәсіби маман атануларына компания тарапынан жасалып отырған қамқор­лықты көрсетсе керек.

Осы игілікті шараны ұйымдастыруға «Интергаз Орталық Азия» АҚ еңбеккер­лерінің кәсіподақ ұйымы және ЮНЕСКО Клубы ұлттық федерациясының мұ­ры­н­дық болғандығын ерекше атап өткен жөн. Кәсіподақ компания еңбеккерлерін ерік­ті түрде бірік­тіретін жеке ком­мерциялық емес, қоғам­дық ұйым болып табылады. Компания кәсіподағы Қа­­­­зақ­стан Рес­публикасының Конс­­титу­циясы­­ның, Еңбек кодек­сі­нің басқа да заңдық норма­тив­тік акті­­­лерінің талаптарына және «Интергаз Орталық Азия» АҚ-тың акті­леріне, сонымен бірге, өзде­­­рі­нің жеке жарғы­ларының талаптарына сәйкес жұмыс істейді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ өзінің жеке кәсіподақ ұйы­мын құ­руды Қазақстан Рес­пуб­ликасы­ның 2007-2009 жыл­дар­­дағы лай­ық­ты еңбек туралы Ұлттық бағ­дарламасы шең­бе­рінде жүзеге асырды. Ал 2007 жылдың 6 қара­ша­­сын­да ол Қа­­­­зақстан Респуб­лика­сы­ның мем­лекеттік органдарында ресми түрде тір­келді. 2008 жылдың 4 қазанында «Интергаз Орталық Азия» АҚ – жұмыс беруші және «Интергаз Орталық Азия» АҚ жұмыс­шы­ларының арасында Ұжым­­­­дық ке­­­лісім-шарт қабылданды. Қазіргі кезде «Интергаз Орта­лық Азия» АҚ орталық аппаратында және барлық өндірістік филиал­да­­рын­да еңбек ететін 5 408 еңбеккер кә­сіп­одақ ұйымының мүшесі болып табылады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ еңбеккер­лерінің кәсіподағы еріктілік, тәуелсіздік өзін өзі басқару демократия, ынтымақ­тас­тық, заң­ды­лық, тең құқылық және жария­лылық не­гіз­деріне сүйене отырып, өз мү­шелерінің еңбек, әлеуметтік-экномикалық құқықтары мен мүд­­­делерін қорғайды. Қа­зақстан Республика­сы­ның заңдылықтарына және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес өз мүшелеріне еңбек қауіп­сіздігі мен жағдай­ын қорғау мақсатында жан-жақты жағдай жасап, құқықтық көмек көрсетеді.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ еңбек­керлері кәсіподағының көптеген міндет­те­рінің арасында ақпараттық насихат, мәдени ағарту және сауықтыру жұмыстары ерекше орын алады. Сондықтан мұнда осындай олимпиадалар өткізумен бірге дене шынық­тыру және спорт шаралары кеңінен өткізі­ліп, саламатты өмір салты жан-жақты насихатталады. «Интергаз Орталық Азия» АҚ-тың барлық құрылымдары мен филиалдары арасында жыл сайын көптеген спорт түр­лері бойынша қысқы және жазғы спарта­киа­далар өткізу дәстүрге айналған.

Міне, осындай жүйелі жұмыс пен игі­лікті шаралардың арқасында 2011 жылдың қорытындысы бойынша «Интергаз Орта­лық Азия» АҚ кәсіподақ ұйымы «Қаз­Мұ­найГаз» ҰК» АҚ-ның барлық кәсіп­орын­дары мен ұйымдарының кәсіподақтары арасында үздік деп танылды.

Алексей ЖУКОВ.