Аймақтар • 18 Ақпан, 2019

Алматы облысында 365 күнде 365 кәсіпкерден өтініш қабылданды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында өткен жылы кәсіпкерлердің құқын қорғауға қатысты 365 арыз-шағым қаралып, оның ішінен 194 өтінішке оң шешім шыққан.

Алматы облысында 365 күнде 365 кәсіпкерден өтініш қабылданды

Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатын өткізген «Атамекен» ұллтық кәсіпкерлер палатасы Алматы облыстық филиалының директоры Нариман Әбілшайықов мәлімдеді.

- 2018 жылы өңір кәсіпкерлерінен түскен өтініштің санына қарасақ, палатаға  әр күн сайын бір адам ашығмданғандай болады. Яғни, былтыр біз 365 рет өтініш тіркедік. Бұл арғы жылмен салыстырғанда көп, 2017 жылы 311 шағым қабылданған. Палатаның араласуынан кейін жергілікті бизнестің мүддесіне орай шешілген қаржы көлемі 701,2 млн теңгені құрады, - дейді Нариман Әбілшайықов.

Жалпы өткен жылы шағын және орта бизнес нысандарына қатысты 35 әкімшілік кедергі анықталған. Оның он алтысы республикалық деңгейде болса, 19 кедергі жерглікті жерде туындаған екен.  

- Біздің талдауымыз бойынша аймақтағы негізгі проблемалық сұрақтар қатарында жергілікті атқарушы орган тарапынан жер учаскелері бойынша байқаулар мен аукциондардың өткізілмеуі өткір тұр. Сондай-ақ, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17 - бабы, 4 - бөлімі, 1- тармағында көрсетілген норма жобалау ұйымдары үшін әкімшілік кедергі болып саналып, сыбайлас жемқорлық факторына мүмкіндік туғызады. Осы бағыттағы жетілдіру жұмыстары жүргізіп, ұсыныс әзірлеудеміз, - деді облыстық Кәсіпкерлер палатасының басшысы.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы