Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Шымкентте өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған жас батыр марапатталды

200 реткөрсетілді

Шымкентте өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған 13 жастағы Бақытжан Беркімбаевты ТЖ департаментінің бастығы марапаттады. Бүгін департаменттің Дағдарыс орталығында жасөспірімнің ерлігі туралы баспасөз конференцияда айтылды.

Еске сала кетейік. 2019 жылғы 16 ақпанда Құрсай мөлтек ауданындағы Жаңақұрылыс көшесінде уақытша салынған үйде өрт орын алған. Сегізінші сыныпта оқитын бала отқа оранған үйге қорықпай кіріп, бір шетте қорқып отырған 6 жасар қызды және 3 жасар баланы далаға алып шығады. Айта кететін жағдай, Бақытжан өзі жақсы көретін футбол ойнап жүрген кезде қолын шығарып алыпты. Соған қарамастан, жігерлі жас батыр ер азаматтарға тән ерлік жасап отыр.

Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисов:   «Бақытжан келешекте бізге құтқарушы болып келеді деп сенеміз. Мұндай жігіттерге біз арнайы оқу орнына бару туралы ұсыныс айтамыз. Біз үшін оның дер кезінде жасаған әрекеті үлкен ерлік деп айтар едім. Оның ата-анасына және ұстаздарына алғыс айтамын»,- деп атап өтті.

Баспасөз конференцияға қатысқан Бақытжанның сөзінше, сол күні ол көшеде көлікте отырған. Кенеттен көршінің Арай есімді қызы үйлерінде өрт шыққанын айтып, көмек сұрап келген. «Қарасам үйдің ішінде өрт шығып, жан-жағы жанып жатыр екен.    Түтінге тұншыққан ба, әйтеуір есінен тануға шақ қалған кішкентайын дереу қолыма көтеріп алдым да, үлкенін жетектеп алып шықтым. Сыртқа шыққан соң су беріп, көмектесуге тырыстым. Көршінің үйіне алып бардым. Анам құтқару қызметіне хабарласты. Кейін ата-аналары да келді»,- деді жасөспірім. Мектепте өткен дайындық сабақтарында алған білімдері Бақытжанның алдынан шықты. Ал, Бақытжанның сынып жетекшісі болса оның үйінде төрт ағайынды, 13 жастағы оқушысы үйдің кенжесі екенін айтты. Сыныпта жүргенде де тек жақсы қырымен танылған. 

Бүгін жас құтқарушыны ТЖ департаментінің бастығы  алғыс хатпен марапаттап, естелікке кітап сыйлады. Сондай-ақ, департамент бастығы Нұрболат Дербисов жас батырды ведомстволық наградамен және арнайы алғыс хатпен марапаттау үшін Ішкі істер министрлігіне және қалалық әкімдікке ұсыныс жолданғанын жеткізді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • 15 Маусым, 2019

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Үздік дәрігерлер баспаналы болады

Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мейіргер Шархат

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар