Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

«Болашақ» бағдарламасының түлегі  аудан әкімі болып бекітілді

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың өкімімен Нұрлан Маратұлы Кеңесов Тимирязев ауданының әкiмi болып тағайындалды.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі  аудан әкімі болып бекітілді

Н. Кеңесов 1983 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін менеджмент және көлік басқару, ұйымдастыру инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Imperial College London университетінде білім алған.  ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Қарағанды облысындағы инженерлік-техникалық орталықтың инженері болып бастаған. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сарапшысы қызметінен стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары лауазымына дейін өскен. Әр жылдары «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының инновациялық комитеті төрағасының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2016 жылдан осы күнге дейін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы