Банк саясаты һәм тұтынушы мүддесі

2012 жылы ақпанда Ұлттық банк коммерциялық банктерге жасырын комиссия алуға тыйым салатынын хат арқылы ескертті. 2016 жылы оған қатаң тыйым салатын қаулы шығарды. Бұл құжатта жасырын комиссиялар заңды комиссия деп өзгертілді. «Банктер неге бұл қадамға барды?» деген заңды сауалға Ұлттық банк әлі күнге дейін жауап берген жоқ.

Егемен Қазақстан
19.02.2019 52
2

Есесіне, сарапшылардың жауабы да­йын. Экономист Мақсат Халық бас рет­теуші банктің бұл шешімі қоғамда үл­кен резонанс туғызғанын айтады. Жа­ңа­л­ықтан құлағдар болғандар 2010-2016 жылдары алған несиелерінің заңсыз пайыз­дарын қайтарып алуға кірісті. Халыққа жөнді ақпарат берілмегендіктен, бұл да рет­сіз өтіп жатыр. Жалпы ха­лық­тық ак­­цияға айналып кетпеуіне банк­тердің өзі мүдделі болып отырғаны бай­қалып қал­ды. 

– Банктер қаржы дағдарысынан әлі толық айыққан жоқ. Сол себепті екінші деңгейлі банктер бас банкке жасырын пайыздарды заңды пайыз деп өзгерту туралы өтінішпен шығуы әбден мүмкін, – дейді М.Халық. 

Енді 2016 жылға дейін қазақстандық банктерден несие алғандар жасырын пайыздарға кеткен қаржысын талап етуге құқы бар. 2016 жылдан бергі уақытта жо­ғарыда айтып өткендей, жасырын пайыз­дар заңдастырылып, біразы қысқарды. 

Статистика салымшының пайдасына шешілмейді

Банктің осы заңсыз комиссиясын қайтарып алуы тиіс, мойнында несиесі бар салымшылардың 0,14 пайызы ғана ала­шағын қайтарып алуға әрекеттеніпті. Демек, несие алған адамдардың 99,86 пайызы банк алдындағы өзінің осы не­гіз­дегі заңды құқығын пайдаланбай отыр. 2018 жылдың қорытындысы әлі шық­қан жоқ. Сарапшылар мұның себебін салымшылардың заңгерлерге сенбей­тінімен, банкті сотқа берсек банк бізге несие бермей қояды деп қорқатынымен түсіндіреді. Банк алған заңсыз ақшасын сот шешімі арқылы ғана қайтарады. Ол үшін заңдық нормативтерді нақты біліп, жылдам әрекет ету керек. – Біздің қоғамның несиеге тәуелділік деңгейі те­реңдеп кеткен. Себебі тұрғындардың тең жартысы тұрмысын несиесіз түзей ал­маймыз деп ойлайды, – дейді М.Халық. 

2018 жылдың соңында Ұлттық банк қазақстандықтардың несиесі 3-6 трлн теңгеге жеткенін, 1 млн азаматтың несие­сін қайтара алмай жүргенін хабарлады. Оның 70 пайызы – тұтыну несиесі мен ипотека. 

Сарапшылар комиссиядан желінуді тұтынушылар несиені алған кезде тек айлық төлем құны мен мерзіміне ғана көңіл бөліп, шарт талаптарына назар аудар­­мағанының зардабы деп отыр. Банк­тен қарыз алушы бар назарын сыйақы кө­леміне аударып, несиелеумен бірге жү­ретін әртүрлі комиссиялар төлемін ескермей, банк шарттарымен келісе салады. 

Несиелеу шартындағы ақша көлемі мен берілетін сома екі түрлі

Бұл экономист М.Халықтың пікірі. 

Пайыздық өсімақы негізгі қарыздан бөлек, несиені пайдаланғаны үшін алын­са, екіншісі жылдық тиімді сыйақы банк­тің әртүрлі комиссияларынан тұрады. Нәти­жесінде тұтынушының қиялындағы және жарнамадағы 18 пайыздың орнына көп жағдайда үш есе артығымен 50 пайыз өсімақы төлейді. 

– Қарыз алушылар банк бекіткен «стан­дартты», «типтік», «үлгілік» несие­леу шарттарына қол қойып, қарыздың көле­мі оны алушының өз келісімі бо­йынша өсуіне келісімін береді. Несиелеу барысында банктер өздері алдын ала дайындаған шарттар үлгісін пайдаланып келді. Оған қол қою кезінде қарыз алушы небір түсініксіз терминдермен бетпе-бет келеді, – дейді М.Халық. 

Бізге пікір білдірген заңгерлердің басым көпшілігі келісімшарттар күрделі тіл­мен жазылғанын, заңгерлер мен эконо­мистердің өзіне түсініксіз екенін айтады. 

Дамыған елдерде форс-мажор жағдайларда клиенттің төленбей қал­ған несиесінің бір бөлігі сақтандыру компанияларының есебінен өтеледі. Банк пен клиент арасындағы келісімшартқа сақтандыру компаниялары сол үшін керек. Несиені ресімдеп жатқан кезде қаржы менеджері сақтандыруға қосымша қаржы төлеп тұру қажеттігін айтып, артық төлеміңіз көп екенін сонымен түсіндіреді. Біздің елде соңғы бірер жылға дейін сақтандырусыз несие ресімдеуге рұқсат берілмейді. Бірақ сақтандырудан бас тартуға болатынын екінің бірі біле бермейді екен. 

Сақтандыру компаниялары сақтай ма? 

Еліміздегі жағдайда сақтандыру ком­па­нияларының міндеті – тек келісім­шарт­тарда айтылады, арғы жағы жұмбақ. – Егер сақтандыру компаниялары клиентті сақтандырмаса, салымшыдан алынған қаржы қайда кетеді? Бұл жағы бізге бел­гісіз, – дейді Мақсат Халық. 

Банктер мен салымшы арасындағы несиелендіру компьютерлік базаларда орнатылған арнаулы бағдарламамен автоматты түрде есептелетін сыйақы және негізгі қарыз сомасына айыппұлдың арифметикалық есептерін ұсынудан басталады. – Бұл бағдарлама қарызды қайтарған сәтте ануитетті және сараланған әдістің арасындағы айырмашылықты көрмей­тіндей етіп есептейді. Барлық келі­сімшарттар несиені өтеудің ануитетті әдісі бо­йынша бекітіледі екен. Бұл тәртіп бойын­ша төленген соманың 70-80 пайызы сыйақы, қалғаны негізгі қарыз саналады. Банк клиентті өтелмеген қарызға негізгі қарыз көлемінде сыйақы төлеуге міндеттейді. Бұл талапқа қол қойсаңыз, қарыздың сыйақысы екі есеге артады, – дейді М.Халық. 
Сарапшылар банкпен арадағы келі­сімшартта «Егер елдегі инфляция дең­гейі 10%-дан асып кетсе, банк келісім­шарт­ты қайта қарастырады немесе қай­та қар­жыландыруға жібереді» деген тар­мақ­­шасы болуы мүмкін екенін де ескер­­теді. Мысалы, 2015 жылы елдегі ин­ф­ляция 13,6 пайызға дейін көтеріл­ген кез­де келісімшартқа қол қоюшы­ның не­сие­сінің бір бөлігі инфляция арасын­дағы айыр­ма­шылықты жабуға жұмсалыпты. 

Экономист Жарас Ахметовтің па­йымдауынша, тұтыну несиесінің өсуі аса қауіпті емес. Бірақ несие берер кезде екі жақ үшін де қарыз беру мен алудың бар­лық шарты сақталуы қажет. Біздегі несие беру талаптарының халықаралық шарт­тардан алшақтап кетуінің басты се­бебі осы тұста байқалады. Тұрғындар не­сие алар кезде өзінің құқын білмейді, екін­ші тарап оны өз мүддесіне пайдаланады.

«2006-2016 жылдары кейбір банктер агрессиялы саясат жүргізіп, несие беру тәртібін бұзды. Жинаған қоры болмаған соң, табысы төмен халық несиеге жүгінді. Тұрмыстық қажеттілігін қарыз алып қана қанағаттандырды», дейді экономист. Қаржылық сауаттылық мәселесін мемлекеттік деңгейде көтермесек, банк пен салымшы арасындағы текетіресте банк жеңімпаз болып қала беретіні тү­сі­нікті. Сарапшылардың айтуынша, Үкімет енді осы мәселемен айналысуы керек. 

Гүлбаршын САБАЕВА,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

26.03.2019

2019 жылғы қаңтарда елімізде 80711 жеңіл автомобиль тіркелген

26.03.2019

Гүлмира Исимбаева Жапония Парламенті Кеңесшілер Палатасының Спикерімен кездесті

26.03.2019

Конор МакГрегор ережесіз жекпе-жектен кеткенін мәлімдеді

26.03.2019

Алматылық жастар астана атауын өзгертуге қолдау білдірді

26.03.2019

Үкімет пен Ұлттық Банк интернет-займдар бойынша маржаны шектеуді жоспарлайды

26.03.2019

Елорда жаһандық индексте қалай жоғарылады?

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев Елбасының жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

26.03.2019

Бердібек Сапарбаев елордалық «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

26.03.2019

Р. Дәленов көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жаңа шаралар туралы айтып берді

26.03.2019

Бақыт Сұлтанов автобус апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

26.03.2019

Қарағандылық спортшылар екі Әлем кубогын ұтып алды

26.03.2019

Оңдасын Оразалин Әйтеке би және Хромтау аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

26.03.2019

Мүлдем жауапкершілік жоқ: Ақтөбе облысының әкімі Орталық стадионның жағдайы туралы

26.03.2019

Қарағанды көмірінен жасалған әшекейлер Мәскеудегі Халықаралық байқауда көрсетіледі

26.03.2019

Нидерландтың Девентер қаласында Қазақстанның Құрметті Консулдығы ашылды

26.03.2019

​Лондонда Наурыз мерекесі аталып өтті

26.03.2019

Жастар елорда атауының өзгеруіне байланысты үндеу жариялады

26.03.2019

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

26.03.2019

Ақсу энергетиктері 600 млрд кВт-сағат электр энергиясын өндірді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу