Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Ж.Қасымбек: Интеллектуалды көлік жүйесі құрылады

482 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Көлікті және логистиканы цифрландыру» міндеті бойынша «Интеллектуалды көлік жүйесін құру» жобасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Ж.Қасымбек Үкімет отырысында мәлімдеді.

Ж.Қасымбек: Интеллектуалды көлік жүйесі құрылады

«Жүйе жол-көлік кешенін басқарудың бірқатар мәселелерін, оның ішінде әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешугемүмкіндік береді. Көлікті бақылауды автоматтандыру үшін 12 арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы енгізілді. Биыл жыл соңына дейін жаңа ақылы учаскелердетағы да 11 Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралын іске қосу жоспарланып отыр. 2021 жылға қарай олардың жалпы санын 46 бірлікке дейін жеткізу жоспарлануда. Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау саласында қозғалыс кестесін, маршрутын және жиілігін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында пилоттық режимде облысаралық және халықаралық автобуспен жолаушылар тасымалын диспетчерлеу жүйесі іске қосылды» деді министр.

Сондай-ақ ол 2019 жылдың соңына дейін 416 маршрут бойынша облысаралық және халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын 2 мыңнан астам автобус іске қосылатынын атап өтті.

«Жол секторын цифрландыру аясында Министрлік «Жол активтерін басқару жүйесін»тәжірибе ретіндеенгізді. Бұл жүйе таңдалған жөндеу стратегиясына байланысты қажетті инвестициялар көлемін және жолдардың техникалық жағдайын болжайды.Жүйе 2020-шы жылға дейін республикалық маңызы бар жолдар желісін (24,1 мың км) толық қамтиды, ал кейін оны жергілікті жолдарға (72,8 мың км) енгізу жоспарлануда» деді Ж.Қасымбек. 

Оның айтуынша, Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде жалпы ұзақтығы 471 шақырым болатын ақы алу жүйесі пайдалануға берілген. Жалпы 2021-ші жылға қарай ұзақтығы 6,5 мың шақырым болатын 16 учаскеге ақы алу жүйесін енгізу жоспарлануда.

«Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы«Магистраль» автоматтандырылған басқару жүйесі аясында мобильді диагностикалық құралдарды енгізу» жобасыніске асыруда. Жоба 6 мобильді-диагностикалық кешенді пайдалануды көздейді, оның 3-еуі 2018-ші жылы желтоқсан айында жұмысын бастады. Осының нәтижесінде барлық магистральдық желінің диагностикасы 180 күннің орнына 15 күнде жүзеге асырылатын болады, диагностикалық жабдық қызметін қамтамасыз ету шығыны 2 есеге төмендейді» деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Бұдан әрі ол тапсырыстарды өңдеу уақытын қысқарту және транзиттік контейнерлер тасымалын жеткізу тізбектерін оңтайлы басқару мақсатында «Мультимодальдық тасымалдарды басқару жүйесі» жобасының бірінші кезеңі іске асырылғанын атап өтті. Бүгінгі күні SAP CRM шешімі базасында функционалды енгізу жұмыстары аяқталған. Жүйеде компанияның 100-ден астам қызметкері жұмыс істейді. Сондай-ақ 2000 клиент бойынша деректер жүргізіліп жатыр.