Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияның қабылданғанына - 25 жыл

734 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осы жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны (БҚК) қабылдауына 25 жыл толады. 1994 жылы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Конвенцияға БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде БҰҰ Бас хатшысы Бутрос Бутрос-Гали мен ЮНИСЕФ Атқарушы директоры Джейс Грант мырзалардың көзінше қол қойды.

Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияның қабылданғанына - 25 жыл

БҚК - әлемдік тарихта ең көп ел қабылдаған құжат және балалардың құқықтарын жан-жақты анықтайтын халықаралық деңгейдегі жалғыз құжат. Конвенцияның негізгі қағидалары барлық баланың өмір сүруге, дамуға, қорғалуға және кемсітуден азат болуға тең құқылы болуын көздейді.

«25 жыл бойы БҚК ЮНИСЕФ ұйымының Қазақстан Республикасы Үкіметімен ынтымықтастығының іргетасы болып келеді. БҚК балаларға мейірімді қоғам құрудың жұмыс құралына айналды. Конвенцияны іс жүзінде іске асыру қазақстандық балалардың осымен бірнеше буынының өміріне оң өзгерістер келуіне септесті», - деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰ Өкілі Юрий Оксамитный.

«Атап айтқанда, балалар өлім-жітімі бес еседен астам азайды, инклюзивті білім беру дамып келеді, әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп жатыр. Жақында Қазақстан АИТВ жұқпасының анадан балаға таралуынан ада ел ретінде сертификаттаудан өтеді. Бүгін туылған балаларда тіршілік ету, қамқор отбасында дені сау, білімді болып өсу мүмкіндігі 25 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда жоғары» деп қосты ол.

Қазақстанда балалардың, соның ішінде, психикалық және физикалық даму ерекшеліктері бар балалардың, ұрымтал жағдайдағы балалардың және заңмен байланысқа түскен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жалғасып келеді. 2016 жылы Президент жарлығымен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Бірқатар күрделі мәселелер, мысалы, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту, балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу ведомствоаралық жұмыста көрініс тауып, үкіметтің, парламенттіңк, халықаралық ұйымдардың және азаматтық сектор ұйымдарының күшін біріктірді.  

Жеткен жетістіктерді талқылауға қоса, БҚК қабылдану мерейтойы – жаңа міндеттерді анықтау және басымдықтарды айқындау мүмкіндігі. Олардың ішінде: балалардың құқықтарын жүзеге асыру бойынша серіктестерді және мақсаттарды біріктіретін балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірыңғай ұлттық стратегияны жасау және жүзеге асыру, сонымен қатар, балалардың құқықтарына мониторинг жүргізудің кешенді жүйесін дамыту.